ҮШ АЙДА 14 ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды – «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» деп жариялады. Мақсат – кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту. Өйткені елімізде өндіріс орындарында зардап шегу фактілерінің жиі орын алуы алаңдатуда. Биылдың өзінде Батыс Қазақстан облысында 14 жазатайым жағдай орын алып, екі адам көз жұмған. Өңірде өндірістік жарақаттану жағдайларының орын алуы және «Еңбекті қорғау жылы» аясында атқарылатын жұмыстар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте сала мамандары айтып берді.

Былтыр елімізде 1404 адам өндірісте жарақат алған, 114 адам қайтыс болыпты. Бұған жұмыс өндірісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, зардап шегушінің абайсыздығы, жұмыс жабдықтарының қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмеуі, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер, кәсіпорындарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы үшін жауапты тұлғалар тарапынан ішкі бақылаудың болмауы, жұмыс берушінің қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етпеуі сынды сан түрлі себеп бар.
Республика бойынша өндіріс орындарында жарақаттану деңгейі артып отырғанымен, Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы басқармасы өңірде өндірістік жарақаттану динамикасының төмендеп келе жатқанын айтады. Басқарма басшысының орынбасары Арман Тұйғынбетов келтірген деректерге сүйенсек, 2017 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 68 адам зардап шеккен болса, 2018 жылы зардап шеккендер саны 20,5 пайызға төмендеп, 55 адамды құрады. Әйткенмен, жеті адам қаза тапқан.

Салалар бойынша жіктейтін болсақ, оқыс оқиғалардың көбінесе құрылыста орын алатыны байқалады. Одан кейін бюджеттік ұйымдарда, энергетика өнеркәсібінде де жазатайым жағдайлар тіркелуде.
Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша былтыр еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 59 заңбұзушылық анықталған. Жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жоюға қатысты 31 нұсқама беріліп, 10 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уақытында оқудан және білімін тексеруден өтпеген ұйымдардың 85 қызметкері жұмыстан шеттетілді.
– Мұндай типті жазатайым оқиғалар бойынша заңнама бұзушылықтарына жол берген жұмыс берушілерге қабылданған шараларға қарамастан, әлі де еңбек орнында осындай жағдайлар орын алуда. Биыл аталған олқылықтардың орын толтыру мақсатында, еліміз бойынша осы салада «Еңбекті қорғау жылы» болып белгіленіп, кәсіподақтар басқармасы мен еңбек инспекциясы біріккен жобаны жүзеге асыруда. Яғни кәсіподақ жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартының болуын қамтамасыз ететін болса, еңбек инспекциясы сол шарттың заңды жүзеге асауын қадағалайды, – дейді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ерлан Тасқалиев.
Брифинг барысында «Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов кәсіподақтар орталығы облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің еңбек заңнамасы мен кәсіподақ заңнамасына сәйкес құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты азаматтарға кеңес беру жұмыстарын жүргізу мақсатында әр айдың соңғы сәрсенбісі күні қоғамдық бақылау жүргізілетінінен хабардар етті. Сондай-ақ облысымыздағы кәсіподақ мүшелеріне және жұмысшыларға ыңғайлы болуы және ақпараттың жылдам жетуі үшін жедел телефон қызметі іске қосылған. Бұл телефон нөміріне жұмыс барысында құқығы бұзылған, сондай-ақ мәселе туындаған әр бір жұмысшы және кәсіподақ мүшесі хабарласа алады. Еңбек қатынастары бойынша шағымдар үшін Орталық ғимаратында «сенім жәшігі» орнатылған.
«Еңбекті қорғау жылы» аясында облыс бойынша өндірістік кәсіпорындардың жұмыс берушілерінің қатысуымен жарақаттану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі, өңірлік үш жақты комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмыс қорытындылары, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарды енгізуіне мониторинг нәтижелері қаралатын болады.
«Еңбекті қорғау қауіпсіздігі бойынша үздік жас инженер», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік қызмет», «Еңбекті қорғаудың үздік техникалық инспекторы», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша жұмыс берушілер арасында «Сенім-2019» және «Парыз» байқаулары өткізіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу