8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 2368 0
Мәслихат жаршысы

Сенатор: Жас әртістердің жалақысы тым төмен

Парламент Сенатының депутаттары театрдағы жас әртістердің әлеуметтік жағдайын көтеруге байланысты Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.
«Мәдениет саласының, соның ішінде театр өкілдерімен кездесу барысында үнемі көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерге тоқталғымыз келіп отыр. Олардың бірі еңбекақыға қатысты. Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, театрда қызмет етіп жүрген жас әртістердің шығармашылық құрамы үшін орта лауазымдық еңбекақысы 59-76 мың теңге аралығында. Ал техникалық құрам үшін 43-49 мың теңге шамасында. Бұл сома қосымша төлемақыны қоса есептегенде шығып отыр, олардың қолдарына тиетін еңбекақы одан да төмен», – деді сенатор Нариман Төреғалиев Сенаттың жалпы отырысында. Осы орайда ол Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес, әртістер театрда 3 жыл қызмет атқарған соң, ең төменгі категорияны алуға құқығы бар екенін еске салды. Ал жоғары категория алу үшін жас мамандар бірнеше жылдар еңбек ету керек, осы уақыттар ішінде олар жас мамандар қатарынан шығып қалуда. «Тағы бір жағдай баспана мәселесі. Республика бойынша 1 538 жас әртістеріміздің 3,7 пайызы қызметтік пәтермен, 9,7 пайызы жатақханалармен қамтылған, ал 33,8 пайызы ата-аналарымен бірге, қалған 42,5 пайызы пәтерді жалға алуға мәжбүр. «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысу үшін несиені төлеуге мүмкіндік беретін жеткілікті және тұрақты табысының болмауы, тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктерінің жоқтығы, тұрғын үйді жалға алу мүмкіндіктерінің қарастырылмағаны кедергі болуда. Аталған жағдайлар, өз кезегінде театрдағы жас мамандарды ешқандай ынталандырмайтыны анық, керісінше жас мамандардың басқа салаларға кетуі байқалуда», – деді сенатор.

 ҚазАқпарат

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»