8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2019 2289 0
Мәслихат жаршысы

САЯСИ НАУҚАНҒА – СОНЫ СЕРПІНМЕН

                  Бүгін  «Nur Otan» партиясы Орал қалалық қоғамдық штаб жетекшісі  Мұхтар Давлетжанов аға буын өкілдермен кездесіп, ақыл-кеңестерін тыңдап, алдағы саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырды. 

Жиында сөз алған Орал қалалық қоғамдық штаб мүшесі Біржан Кухаев алдымен «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевтың қысқаша өмірбаянымен таныстырды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет алдымызда еліміз үшін ең күрделі, ең шешуші науқан күтіп тұрғанын тілге тиек етіп,  талай науқанды, сан қилы кезеңді бастан өткерген аға буын өкілдері Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын толық қолдайтындарын жеткізді. – Елге танымал тұлға ұзақ жылдар бойы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен бірге жұмыс істеді. Мұның өзі Нұрсұлтан Әбішұлының бастап берген саясатын әрі қарай Қасым-Жомарт Кемелұлының нәтижелі жалғастырарына сенімімізді арттырады, –  деді Кенжебай Әлжанұлы.

Өз кезегінде ардагер Ольга Исаева аға буын өкілдерін азаматтық міндеттерін абыройлы орындап, 9 маусым күні сайлау учаскелеріне келіп, дұрыс таңдау жасауға үндеді. – Бүгін қаладағы ең белсенді, ең зиялы  қауым өкілдері осында жиналып отыр. Сіздердің ой-пікірлеріңіз кейінгілер үшін өте маңызды. Сол себепті партияның атынан Президенттікке ұсынылған кандидат туралы жағымды ақпарат таратып, сайлаушыларды ел ертеңі үшін ойлы қадам жасауға шақырайық, –  деді ол.

Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы сайлаудың нәтижесімен байланысты екенін жеткізген ардагерлер қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ұстанымын қолдауға әркез дайын.

 

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»