Құрылыс сапасы қатаң бақылауда
Орал қаласында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде дамып, қала келбеті айтарлықтай өзгеріп келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды көздейді. Соңғы уақытта Орал қаласының әкімі М.Байменов құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап жүр. Әсіресе «Ақжайық» шағынауданындағы жобалар ерекше назарда.
Аталған шағынауданда қазіргі таңда 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, 760 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде 2024 жылы 5 тұрғын үй (390 пәтер) ел игілігіне тапсырылса, биыл тағы 3 тұрғын үйді (370 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ осы ауданда тағы 4 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, олардың жалпы саны 580 пәтерді құрайды. Бұл нысандар алдағы уақытта кезең-кезеңімен тұрғындарға табысталмақ.
Тұрғын үйлермен қатар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, сметалық құны 2,206 млрд теңгені құрайтын кәріз сорғы станциясы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге сумен жабдықтау жүйелері мен көтергіш сорғы станциясының құрылысы жалғасуда. Алаңішілік инженерлік желілер тарту, абаттандыру және орамішілік жолдар салу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр.
Зачаган кентінде де құрылыс қарқынды!
Қазіргі уақытта мұнда 208 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен бірге бірқатар тұрғын үйге инженерлік желілер тарту жұмыстары қолға алынған.
Биыл тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 190 пәтер сатып алынған. Пәтерлердің 80-і жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарға, 53-і әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға, ал 37-і «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша ипотекалық шартпен берілетін азаматтарға арналған.
Қала басшылығы барлық құрылыс нысанының сапасы мен уақытында тапсырылуын қатаң бақылауда ұстап отыр. Мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктелген.
Айта кетейік, «Ақжайық» шағынауданының дамуына серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық бастаманың бірі ретінде жаңа аумақты қала орталығымен жалғайтын ірі көпір құрылысы қолға алынды. Бұл өңірде соңғы 30 жылда жүзеге асырылғалы отырған алғашқы ауқымды жоба болып отыр. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 36 ай ішінде аяқталып, нысан 2028 жылы пайдалануға берілуі көзделуде. Жоба іске асқанда «Ақжайық» шағынауданының және оған іргелес аумақтардың көлік қатынасы едәуір жақсарып, қала орталығымен байланысы жеңілдейді. Бұл өз кезегінде аталған ауданның тартымдылығын арттырып, әлеуметтік және экономикалық дамуына жаңа мүмкіндік ашады.
Ә. Бақытжанқызы,
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру

