8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 2627 0
Өзек

ӨРТ ҚАУІПІН АЛДЫН АЛУ НАЗАРДА

Жаз маусымы келісімен өрт оқиғалары жиілейтіні белгілі. Былтыр Батыс Қазақстан облысы аумағында 4 дала, 7 орман өрті тіркелген.  Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жаудың алдын алу бойынша дайындық жұмыстарын мәлімдеді.

 

Биылғы жылы өңірде табиғи өрт тіркелген жоқ, бірақ жалпы аумағы 684 гектарды қамтитын 30 жану жағдайы орын алған. Былтыр 4 рет дала өрт орны алып, 4,223 гектар жерді шарпыған. 7 мәрте орман өрті тіркелген. 2010-2018 жылдар ішінде өңірде 13 өрт сөндіру бекетін ашылған болатын. Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық, Сырым, Бөкейорда аудандарында ашылған бекеттер биыл да жұмыстарын жалғастырады.

– 1 сәуірден облыс аумағында мониторинг жүргізілуде. Яғни «ғарыш сапары» спутнигі арқылы күніге екі мәрте ақпарат түсіп отыр. Өрт ошағы анықталса, жану жағдайы орын алған ауданға шұғыл түрде хабарлаймыз. Әрі өрттің аумағы да есептеледі. Әуе көлігімен аумақты шолып қарау жұмыстары да жүргізілуде, – деді БҚО ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласын бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Марс Отаров.

Қазіргі уақытта арнайы өрт сөндіру құралдары алынып бекеттерге таратылуда. Төтеншеліктердің мәліметінше, табиғи өрттер мен өрттерді болдырмау және жою үшін 2 759 адамнан құралған 150 әскери дайын ерікті өрт сөндіру құрылымы құрылған. Елді мекендердегі ерікті өрт сөндіру жарағында 11 автоцистерна, 859 басқа бейімделген жабдықтар, 1701 аспалы өрт сөндіргіштері, 119 мотопомпа бар.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі, Орман және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе рұқсат етілмеген өрттерді анықтау бойынша ұймдастырылған рейдтік іс-шаралары кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес, 36 әкімшілік хаттамалар толтырылып, Жалпы  486 мың 975 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»