8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2019 2554 0
Мәслихат жаршысы

«ҚҰРҒАҚ УӘДЕ БЕРМЕДІМ»

Шалқыма ҚҰРМАНАЛИНА, Орал қалалық мәслихатының 4 шақырылымының депутаты:

–    Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ҚР Парламенті Сенатының «Алғыс хатымен» марапатталдым. Депутаттық жұмыс сан-қилы. Өзім 1999-2016 жылдары, яғни 4 шақырылымда халық қалаулысы болдым. Осы жылдар ішінде көп тәжірибе жинақтадым. Халық пен биліктің арасын жалғап, қарапайым жұртшылықтың мұң-мұқтажына көп мән бердім. Алға нақты мақсат қоямын. Төртінші округтен депутат болып сайланған соң сол ауданның тұрғындарына етене жақын едім. Көпшіліктің ұсыныс-тілектеріне бей-жай қарамадым. Жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін алға тартып келетіндерге нақты кеңес бердім. Айына бір мәрте «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды кесте бойынша бір сағат қабылдау керекпіз. Бірақ мен уақытпен санаспадым. Өйткені, қабылдауыма тұрғындар көп келетін. Олардың әдейі мені іздеп жүретінін кейін білдім. Оның өзі халықтың депутатқа деген сенімі. Бизнесмен болмағаныммен, әр адамды жылы қабылдап, ақыл-кеңесімді айтамын. Сол жылдары округтегі көше жолдарын жөндеу жөнінде депутаттық сауалды көп жолдадым. 2017-2018 жылдары осы мәселе шешімін тауып, орталықтағы көшелер жөндеуден өтті. Халықтың алғысын алдым деп толық айта аламын. Депутаттықтан кетсем де тұрғындар мені іздеп жұмыс орныма келіп жүрді. Мәслихат жұмысына барлық жанға бірдей жаны ашитын, қарапайым халықтың проблемасын тіке қабылдайтын жандар ғана араласуы қажет деп ойлаймын. Құрғақ уәде бермей, ойы, көңілі халықпен бір жерден шығатын жан ғана депутат бола алады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
81 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»