8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2022 3510 0
Мәслихат жаршысы

Президент БҚО-дағы күре жолдар проблемасын шешуді тапсырды

Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударды. Басылым Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар жағдайының нашарлығына байланысты мәселе көтерген. Президент бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы айтқан болатын. Мемлекет басшысы Оралда өткен кездесуде «бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді» деген еді.

Президент сол кезде Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берді және бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын ерекше атап өтті.

Алайда, «Egemen Qazaqstan» газетіндегі мәліметтер бойынша осы аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын жолдарға әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді және қаржы мәселесінде де түйткілдер бар. Жергілікті тұрғындар жолдың жоқтығынан зардап шегіп отыр, әсіресе көктем мен күзде жағдай мүлде ушыға түседі» делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырды. Тиісті жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалануға тиіс.

Президент бұл мәселені шешуді Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жүктеді.

Айта кетсек, бүгін Президент Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.

Сондай-ақ, Amanat партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

forbes.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»