8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қаңтар 2019 3206 0
Өзек

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚПАУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына қарасты қатерлі ісікті зерттеу орталығы (IARC) тұңғыш рет телефонның қатерлік ісікке шалдықтыратынын және қатерлі ми өспесіне душар ететіні жайлы хабарлады. Осы мәлімдемеден кейін бүкіл әлем жұртшылығы мен ғалымдары телефон радиациясына өте жоғары деңгейде назар аудара бастады. Ұйым жауаптысы Кристофер Уайлдтың айтуынша радиация тарату деңгейі бойынша қалта телефондары ең алдыңғы қатарда тұр екен. Сол себепті,  телефон қолданудағы басты қағидаларды қаперге алғандарыңыз жөн. 

Біріншіқұлаққап арқылы сөйлесу;
Құлаққап арқылы телефонмен сөйлескенде телефон радиациясын толық жойып жіберуге болмаса да, телефон адамның бас бөлімінен алыста болғандықтан зиянды айтарлықтай азайтуға болады.

Екіншітелефонды жабық орындарда қолдануға болмайды;
Мысалы, лифт, поезд және метро сияқты жабық орындарда ең дұрысы телефонды қолданбағаныңыз дұрыс. Мұндай орындарда телефон желісімен байланыс өте әлсіз болғандықтан, оның тарататын радиациясы да көп болады.

Үшіншітелефон желісі(сеть) әлсіз уақытта қолданбау;
Телефон желісі әлсіз болып тұрғанда немесе көлікте келе жатқанда телефонмен сөйлеспеген дұрыс. Мұндай уақытта радиация өте жоғары болады.

Төртіншіұзақ уақыт сөйлеспеу;
Телефонмен сөйлесу уақыты екі минуттан асқаннан кейін оның кері әсерінен пайда болған толқынды адам миы бір сағат бойы ретке келтіре алмайды екен.

Бесіншісмартфондардың радиациясы тіпті де жоғары;
Қарапайым телефон мен смартфонның радиация тарату мөлшерін салыстырғанда смартфонның зияны көп болған. Себебі, сіз телефонмен сөйлесіп жатқан бір уақытта сіздің смартфоныңыз ғаламтор желісімен байланысып тұрады. Смартфондағы әр-түрлі бағдарламалар бір мезетте ақпаратты алып немесе жіберіп жатады. Бұл жағдай радиация мөлшерін әдеттегіден еселеп жібереді екен. Сондықтан, телефонды сөйлесу кезінде интернет желісінен ажыратып қою ләзім.

Алтыншыномер теріп болғаннан кейін телефонды құлақтан аулақ ұстау;
Қоңырау жалғанып жатқан сәтте оның радиациясы ең жоғары деңгейде болады. Сондықтан, қоңырау шалғанда немесе телефон қабылдағанда қарсы жақ телефонды көтергеннен кейін барып тұтқаны құлаққа жақындатыңыз.

Жетіншітелефонды жанқалтаға салмау;
Зерттеулер нәтижесі бойынша, телефонды үнемі шалбарының қалтасына салып жүретін ер адамдардың ұрық мөлшері қалыпты ер адамдарға қарағанда 25% аз болады екен. Телефон радиациясының адамның әр түрлі дене бөліктеріне жасайтын әсері де түрліше, ер адамдардарға зияны тіпті де ауыр екені белгілі болған.

Сегізіншітелефонды жатын бөлмеге қоймау;
Бүгінгі таңда телефонды жатын бөлме түгілі, жастықтың астына қою әдетке айналған. Қатерлі ісік ауруының пайда болуын жылдамдататын себептердің бірі ретінде телефонды ұйықтағанда бас жағына қою аталып отыр. Оның үстіне адамның ұйқысы да қалыпты болмайды.

Дереккөз: reactor.inform.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»