ОРАЛДА ПСИХОТРОПТЫҚ ДӘРІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ТАРАТҚАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ
Психотроптық дәрі препараттарын заңсыз таратумен айналысқан 38 жасар оралдық әйел ұсталды.

11 наурыздан бастап Батыс Қазақстан облысында республикалық жедел жағдайды тұрақтандыру және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану, сақтау, сатып алу ережесін бұзғандардың жолын кесу бағытында «Допинг» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.
Үш күн ішінде БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ҚК-тің 296-бабы, 2-3 тармағы бойын 9 қылмыстық іс тіркеді. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік-процессуалдық Кодексінің 424-бабы 1-тармағымен 1 әкімшілік заңбұзушылқ фактісі тіркелген.
Нақтырақ айтқанда, 12 наурыз күні Орал қаласының 1981 жылғы «Д» есімді азаматшасы ұсталды. БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол психотропты дәрілік препараттарды заңсыз таратумен айналысқан. Тексеру кезінде оның сөмкесінен 31 құты және 11 қаптамадағы психотропты дәрілер табылған.
Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР әкімшілік процессуалдық кодекстің 424-бабы 1-тармағы бойынша (заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет) әкімшілік хаттама толтырылған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу