ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА
«Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының мүшелері Балжан Сұлтанова мен Яна Лұқпанова «Ақ қайнар» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб өкілдері партия бағдарламасында қала мен ауыл тұрғындарының мүддесі ескерілгеніне тоқталды. Облыстың әрбір тұрғыны үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің орнықты дамуына жағдай жасау негізгі міндеттердің бірі екені айтылды.
Облыстық штаб мүшесі Балжан Сұлтанова өз сөзінде:
«Біздің басты міндетіміз – Батыс Қазақстан облысының әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын арттыру, қала мен ауыл халқы үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру және өңірдің тұрақты дамуына жағдай жасау. Біз сайлауға нақты жоспармен қатысып отырмыз. Ол – инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдық аумақтарды дамытуға дейінгі ауқымды міндеттер. Әрқайсыңыздың дауысыңыз – әділетті болашаққа қосылған үлес!» – деді ол.
Сондай-ақ штаб өкілдері экономиканы дамыту, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге қатысты бағдарлама тармақтарын да түсіндірді. Әсіресе тұрақты жұмыс орындарын ашу, коммуналдық желілердің тозуын азайту және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселелеріне басымдық берілді.
Өз кезегінде Яна Лұқпанова нақты экономика саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындары қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымының маңызын атап өтті.
«Өңірлердің қуатты дамуы үшін мықты экономика және «Ақ қайнар» ЖШС секілді еңбек ұжымдарын қолдау қажет. Біздің сайлауалды бағдарламамыз агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тартуды, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын несие беру тетіктерін кеңейтуді, шағын қалалар мен ауылдарды қолдауды мақсат тұтады. Біз құр ұранмен шектелмей, жаңа өндіріс орындарын іске қосу, логистиканы дамыту, цифрлық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру сияқты нақты қадамдарды ұсынып отырмыз. Баршаңызды белсенді азаматтық ұстаным танытып, алдағы сайлауда саналы таңдау жасауға шақырамыз!» – деді ол.
Кездесу барысында «Ақ қайнар» ЖШС қызметкерлері ұсынылған бағдарламаға қызығушылық танытып, жол жөндеу, аудандардағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Штаб өкілдері барлық сұрақтарға нақты жауап берді.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кіру


