ОРАЛДА БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ
Оралда қолжетімді АИ-92 маркадағы жанармай бағасы 170 теңгеден сатылып жатыр. Ал жекелеген май құю бекеттері бензинді талонмен ғана беріп жатыр. Май құю бекеттерінің өкілдері бензиннің әлі де қымбаттайтынын жасырмады. Ал аймақ шенеуніктері нарықтағы бағаны реттей алмайтынын айтып, алақан жайып отыр. Сұйық отынның қымбаттағанына наразы жүргізушілер енді басқа қызмет түрлері мен азық-түлік қымбаттай ма деп алаңдаулы.

Қазір жанармай бекеттерінде көлік қарасы азайған. Жүргізушілер мұны сұйық отынның қымбаттағанымен байланыстырады. Халыққа қолжетімді АИ-92 маркалы бензині тапшы. Бірқатар жанармай бекеттері бүгін бензинді бес литрден сатуға көшкен. Литрін 170 теңгеден беріп жатыр. Ал енді бірі талонмен ғана құяды. Мәселен, оралдық тұрғын Айболат Бөкенов, бензинмен бірге азық-түлік бағасы қымбаттайды деген қорқынышын жасырмады.
– Көшелер ойқыш-ойқыш болған соң, жер кепсін деп енді таксовать етейін десем, бензин құны- 170 теңге. Азық-түлік те екі есеге қымбаттайды деген сөз ғой. Бұрынғымен санағанда бұрын толық бензин багы 7 мың теңгеге шығатын еді. Қазір 10 мың теңгеге шығады. Енді айырмашылық бар ғой. Үш мың теңгеге отбасыңа тамақ аласың,- дейді ол.
Қазір өңірдегі 131 май құю бекетіне қажетті жанармай көршілес Атырау мен Ресейден жеткізіледі. Мұнай өңдейтін өз зауыты бар оралдық кәсіпорын да, шикізат тапшылығын сылтау етіп, бағаны өсіреміз деп отыр. Ал жергілікті шенеуніктер жанармай бағасына әмірі жүрмейтінін айтып, алақан жайды. Атқамінерлер ақпан айында жөндеуге жабылған атыраулық зауыттың тілеуін тілеп отыр.
– АИ-92 маркалы бензин мен дизельдік отын бағасын мемлекеттік реттеу 2015-жылы алынып тасталды. Содан бері жанармайдың осы түрлері еркін сатылымда. Еліміздің ішкі нарығындағы жанармай бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты құбылып отырады. Бұл іске мемлекет араласпайды,– дейді БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Әсел Абуева.
Шенеуніктердің айтуынша, қазір Атыраулық мұнай өңдеу зауытында 8 ақпаннан бері жоспардан тыс жөндеу жүргізіліп жатыр. Зауыт іске қосылса, жағдай тұрақталады деген үмітте. Аталмыш мәселеге байлысты өңірдегі ірі жанармай жеткізуші компаниялар қазір бензинді Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан сатып ала бастаған.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу