8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2026 89 0
Жол / Құрылыс

Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады

Орал қаласының Зашаған кентінде балаларға қосымша білім беруге арналған жаңа Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады.

Нысанның құрылыс алаңына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов арнайы барып, жобаның негізгі тұжырымдамасымен, жоспарланған жұмыстардың барысымен және алдағы кезеңдердегі міндеттермен танысты.

Кездесуге білім басқармасының басшылығы мен жобаға жауапты сала мамандары қатысып, орталықтың сәулеттік-жоспарлау шешімдері, құрылыс кезеңдері, материалдық-техникалық жабдықталуы және балаларға ұсынылатын қосымша білім беру бағыттары бойынша презентация ұсынды.

Жаңа нысан кенттегі балалар санының өсуіне байланысты қосымша білім беру орындарына деген қажеттілікті өтеуге бағытталған.

Бүгінде Зашаған кентінде 8 мектеп жұмыс істейді. Олардың жалпы жобалық қуаты 8 036 орын болғанымен, қазіргі таңда мектептерде 14 589 оқушы білім алуда. Бұл білім беру ұйымдарына түсетін жүктеменің жоғары екенін көрсетеді.

Осыған байланысты балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи орталық салу қажеттілігі туындап отыр.

Жоба аясында мектепалды даярлық сыныптары, STEM кабинеттері, шығармашылық және өнер үйірмелеріне арналған бөлмелер, музыка және вокал студиялары, тіл курстары, оқу кабинеттері, акт залы мен асхана қарастырылған.

Сонымен қатар балалардың спорттық қабілеттерін дамытуға арналған бассейн, спорт және ұлттық ойындар залдары, теннис корты, күрес және баскетбол залдары болады.

Жоба Зашаған кентіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, өскелең ұрпақтың сапалы қосымша білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталып отыр. Орталықтың іске қосылуы балалардың қабілетін ашуға, олардың жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне және шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашады. Осылайша жаңа орталық білім беру, шығармашылық және спорттық бағыттарды бір нысанға біріктіретін кешенді алаңға айналады.

Нысанның жалпы ауданы 3 100 шаршы метрді, ал жер телімінің аумағы 2,18 гектарды құрайды. Тапсырыс беруші – «БҚО құрылыс басқармасы» ММ. Жобалаушы – «АСТАНАПРОЕКТ» ЖШС, мердігер ұйым – «BI Urban Construction» ЖШС.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Өңір басшылығы жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыру, құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстау және орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
55 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
98 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
140 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
221 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
255 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
243 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»