Облыстық штаб құрылды
БҚО-да ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб құрылған болатын.
Бүгін ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағасы және мүшелерінің қатысуымен конституциялық реформаларды түсіндіру және ұйымдастыру жұмысына қатысу мәселелері бойынша референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың брифингі өткізілді.
Онда Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді өкілдері референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штабына топтасқанын атап айтты. БҚО штаб төрағасының айтуынша Конституциялық түзетулердің мағынасы мен ережелерін түсіндіру, олардың Қазақстанның одан әрі дамуына қандай ықпал етуге қабілетті екенін жеткізу үшін еліміздің барлық өңірлеріндегі халықтың түрлі топтарымен белсенді жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, штаб референдум кезінде облыстық қоғамдастықты топтастыру үшін жұмыс істейтін болады.
– Біздің қатарымыз облысымыздың ірі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерін, ғалымдарды, блогерлер мен журналистерді, жастар мен ардагерлер қауымдастығын, этномәдени орталықтардың жетекшілерін біріктіреді. Штаб құрылды. Себебі біз ұсынылған конституциялық өзгерістердің бағыттарын толық қолдаймыз,- деген облыстық штаб төрағасы Табылғали Сапаров барша қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырды.
Өз тілшіміз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу