ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА ӨҢІРДІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Гаухар Шайхниязова, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әліби Баяхов қатысып, партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту бағыттарын таныстырды.
Кездесуге дәрігерлер, орта медициналық және аурухананың қызмет көрсетуші персоналы қатысып, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Бағдарламаның «Адами капиталға басымдық» бағыты аясында денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар нақты міндеттер белгіленген. Атап айтқанда, Орал қаласында 550 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық перинаталдық орталық салу, ауылдық жерлерде 36 медициналық нысан тұрғызу және жеті диагностикалық орталық ашу көзделген.Сонымен қатар 48 медициналық ұйымды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету, Деркөл кентінде дәрігерлік амбулатория, патологоанатомиялық бюро мен жедел жәрдем ғимаратын салу жоспарланып отыр.
Кездесу барысында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейту, мамандардың еңбек жағдайын жақсарту және медициналық көмектің ауыл тұрғындары үшін қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды. Медицина қызметкерлері үшін бұл бастамалар саланың күнделікті жұмысымен тікелей байланысты. Жаңа нысандар мен заманауи жабдықтар емдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға негіз болмақ.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өңірлік медицинаның даму перспективалары мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫҚ ШТАБЫ АГИТАЦИЯЛЫҚ НАУҚАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУ – ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ
ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ, САПА МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Выборы завершают обновление представительной власти на всех уровнях.
АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін станцияны іске қосу неге ұзақ уақыт алады?
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
«Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының өкілдері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БҚО филиалының қызметкерлерімен кездесті.
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ

Кіру











