8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2026 76 0
«Әділет» партиясы

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫҚ ШТАБЫ АГИТАЦИЯЛЫҚ НАУҚАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысында сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аяқталды. Осыған орай «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, науқанның соңғы күні онлайн форматта қорытынды жиын өткізді.

Тікелей онлайн байланыс арқылы облыстың әр қаласы мен ауданындағы штаб өкілдері бір арнаға тоғысып, атқарылған жұмыстарды саралады. Кездесу барысында сайлауалды науқанның барысы, ұйымдастыру жұмыстары, тұрғындармен кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру шараларының нәтижелері сөз болды.

**Сайлауалды науқан барысында облыс көлемінде 6 900-ге жуық іс-шара өткізіліп, 255 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Тұрғындарға 25 мың дана үгіт-насихат материалы таратылып, халықпен кездесулер мен ашық диалог алаңдарында 400-ге жуық талап-тілек, ұсыныс пен өтініш жинақталды.** Бұл көрсеткіштер науқанның ауқымын және партия өкілдерінің тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға бағытталған жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Бауыржан Оңталапұлы жиналғандарға арнап қорытынды сөз сөйлеп, маңызды кезеңнің аяқталуымен штаб мүшелерін, партия белсенділерін, волонтерлерді және науқанға атсалысқан барша азаматтарды құттықтады.

Ол науқан барысында қалыптасқан командалық бірлікті, әрбір қатысушының жауапкершілігі мен белсенділігін атап өтіп, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек еткен азаматтарға алғыс білдірді. Әр өңірде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, тұрғындармен ашық диалог орнату және партия бағдарламасын кеңінен таныстыру жолындағы еңбектің маңызын ерекше атап өтті.

«Бұл науқан – бір адамның немесе бір штабтың ғана жұмысы емес. Оның артында әр өңірде еңбек еткен азаматтардың, белсенділердің, волонтерлердің және бізге қолдау білдірген жандардың ортақ еңбегі тұр. Баршаңызға жауапкершілікпен атқарған жұмыстарыңыз, табандылықтарыңыз бен ұйымшылдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Бауыржан Бектұрған.

Осылайша, облыстық сайлауалды штабтың жұмысы қорытындыланып, үгіт-насихат науқанының ұйымдастыру кезеңі аяқталды. Науқан барысында қалыптасқан бірлік, жинақталған тәжірибе мен азаматтардан түскен ұсыныстар алдағы жұмысқа негіз болмақ.

Ортақ іске жұмылған команданың еңбегі жоғары бағаланып, әрбір қатысушыға алғыс айтылды!

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Жолда жүру қағидаларын бұзған
24 Қараша 2026
186 0
Заң және тәртіп
50-ге жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады
24 Қараша 2026
186 0
Заң және тәртіп
Заңсыз граффитиге қарсы жұмыс жалғасуда
24 Қараша 2026
181 0
Заң және тәртіп
«Ұрлығы көп» күдікті…
24 Қараша 2026
181 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа автобустар жолға шықты
24 Қараша 2026
196 0
Инфрақұрылым
Үш ірі жоба жүзеге асты
24 Қараша 2026
176 0
Мезгіл мәселесі
Қысқа дайынбыз ба?
24 Қараша 2026
187 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23 Қараша 2026
228 0
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
315 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
365 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»