НЫСАННЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕГЕНІ ҮШІН 42 БАСШЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша террористік тұрғыдан осал саналатын 688 нысан тексеріліп, тиісті талаптарды орындамағаны үшін 42 басшы әкімшілік жауапқа жауапқа тартылған.

Бүгін БҚО полиция департаментінде «Атамекен» ҰКП өкілдері, террористік тұрғыдан осал деп танылған мекемелер, түрлі бизнес нысандарының қатысуымен өткен басқосуда өздеріне тиесілі нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын заң талаптарына сәйкестендіру, қызметкерлерге тоқсанына бір мәрте қосымша іс-шаралар жүргізу қажеттігі айтылды.
Террористік тұрғыдан осал нысандар ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына және ҚР Үкіметінің террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту» туралы қаулысына сәйкес жылына бір мәртеден кем емес тексеріледі.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 140-бабы 21 тармағына сәйкес нысандар жоспардан тыс тексеріледі. Әрі басшылары мен иелері де алдын ала ескертілмейді.
БҚО ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Қасым Дүйсеғалиевтың мәліметінше, 2018 жылы террористік тұрғыдан осал 688 нысан тексеріліп, объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнің тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін 42 басшы жауапқа тартылған. Әкімшілік сот арқылы жалпы сомасы 9 млн. теңге айыппұл салынған. Мемлекет пайдасына өндірілгені – 7млн. 700 мың теңге.
– Анықталған заңбұзушылықтар әр түрлі. Мәселен, бейнебақылау жүйесі ақпараттарының сақтау мерзімінің жеткіліксіздігі, нысандағы бақылау жүйесін басқарудың қолжетімді болмауы, қызметкерлерді орын-жайды қарау және жарылғыш заттар қойылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша өткізілген алдын алу және оқу іс-шараларын тіркеу кітабының болмауы. Демек іс-шара жүргілімеген, Тексеру кезінде қызметкерлердің бөгде затты тапқан кезде қандай әрекет жасауы керектігін білмейтін болып шықты. Ос жағдайлар бойынша басшыларына айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың көлемі 10-500 АЕК аралығында. Бір нысанның қызметі уақытша тоқтатылды, – дейді басқарма қызметкері Артем Гусев.
Нысандарды тексеру жұмыстары жалғасуда. Биыл жыл басынан бері 50-ден астам нысан тексерілген.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу