8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2020 2073 0
Жалын

ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕН ТАҢБАЙЛАР

          Баланың балалық шағы дұрыс болса, келешегі де оң болары даусыз. Ал бүлдіршіннің қарым-қабілеті, өнер-өнегесі бөбекжай, мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ байқалады. Сондай талабымен, талантымен талайды тәнті етіп жүрген ағайынды Таңбайлардың өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын кішкентай балғындар болашағынан көп үміт күттіреді.

Бүлдіршіндердің атасы марқұм Самат Таңбаев Шыңғырлау ауданына еңбегі сіңген азамат атанса, әжесі Мәрия Хасенова талай науқастың ауруына шипа тапқан білікті фармацевт. Саналы ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ардақты жандар бойларындағы ізгі қасиеттерін сүйкімді немерелеріне де дарыта білсе керек. Нағашы ата-әжесі Мырзакелді мен Құралай да бесаспап жиендеріне бар мейірімдерін төгіп отырады.

Түрлі деңгейдегі өнер додаларында топ жарып жүрген кішкентай Таңбайлардың өнер жолындағы өрелі ісінде ұстаздарының да ерен еңбегі бар. Бүгінде келешегі зор жан-жақты, талантты өрендер Еркебұлан, Мирлан, Нұрдәулетті ұстаздары да мақтан тұтады.

Қазіргі таңда Серік пен Айнұрдың тұңғышы Еркебұлан қаладағы №41 мектеп-гимназиясының 6 «А» сыныбында оқыса, Мирланы  №43 орта мектептің 3 «Г» сыныбында білім алуда. Ал кенжелері Нұрдәулет №44 «Мерей» бөбекжайының тәрбиеленушісі…

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің  2020 жылғы 21 мамырдағы №19 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
122 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
218 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»