8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2021 17317 0
Мәслихат жаршысы

Н.АШЫҚОВА: «ЕҢБЕКСІЗ, ӘРЕКЕТСІЗ БЕРЕКЕТ БОЛМАЙДЫ»

Қазіргі әйелдердің қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілігі зор. Мұны қазақ әйелінің болмысына тән қасиет десе жарасатын сияқты. Бүгінгі күні нәзік жандар түрлі бизнеспен қатар қоғамдық жұмысын да ұршықша үйіріп отыр. Дәл осындай кәсіпкерлік саласындағы таудай талабы мен қарымды қайратын депутаттық мандатымен ұштастырып, өңірдің өркен жаюына сүбелі үлес қосып жүрген жанның бірі – Орал қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты, «Ляззат» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, «Жомарт жүрек – 2019» номинациясының иегері, «Жыл тұлғасы» атанған Нұргүл Ашықованың мехнат-машақаты мол кәсіпкерлік саласын дөңгелентіп отырғанына бақандай жиырма бес жылдың жүзі болыпты.


Кейінгі жылдары елімізде әйелдер қауымы кәсіпкерлік салада белсенділік танытып жүргенін айтуға тиіспіз. Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру үшін әйел кәсіпкерлігін қолдау бойынша шаралар жүзеге асқаны белгілі. «Даму» қоры мамандары «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының оқу курстарына қатысушылардың тең жартысын нәзік жандар құрайтынын айтады. Деректерге сүйенсек, бү­гінде елімізде шағын және орта бизнесті шідер­леген әйелдердің үлесі 50 пайыздан асып отыр.

– Бүгінде шағын кә­сіп­керліктің шаңырағын кеңейтіп, ірі бизнеске қадам бастық, соның өзі өңір экономикасына қосқан сүбелі үлесіміз болмақ. Бұл салада тәжірибем де жетерлік. Дегенмен, қазіргі таңда кәсіпкер азулы бәсекелестікке төтеп бере алатындай мықты болуы керек. Сол себепті ірі мұздатқыш камераларын алдық. Бұрын ірі жүк машиналарын жалдайтын болсақ, қазір жүк тасымалдауды да қолға алдық. Сонда тек көкөніс сату емес, оны қысы-жазы сақтайтын қойма, мұздатқыштар, жүк тасымалымен де айналысып, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырудамыз. Өткен күндерге көз жүгіртсем, айырмашылық жер мен көктей. Қазір әр минутым санаулы, қарап отыруға уақыт жоқ, – дейді кейіпкеріміз.

Күні бүгінде Нұргүлдің «Ляззат» жеке кәсіпкерлігі көкөніс өнімдерін сақтаумен қатар көтерме сауда жұмыстарын да атқарады. Сондай-ақ депутаттыққа сайлана сала сайлаушыларымен етене араласып, белсенді жұмысқа кіріскен халық қалаулысының болашақ жоспарлары да айқын.

«Кәсібімді  киім-кешек сатудан бастадым»

Нұргүл Әжібайқызы 1972 жылы Батыс Қазақстан өңіріндегі Қаратөбе ауданына қарасты Саралжын ауылында дүниеге келіпті. Әкесі Әжібай Ашықұлы мен анасы Мазмура Сәдепқызы он баланы дүниеге әкеліп, бағып-қағып, тәрбие беріп, оқытып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Өкінішке орай, асқар тау әкесі 1995 жылы жүрек талмасынан көз жұмады. Ал бүгінде сексеннің сеңгіріне жақындаған анасы киелі қарашаңырақтың ұйытқысы болып отыр.

– Әкем біз ес білгелі «Саралжын» кеңшарында қойма меңгерушісі болып қызмет етті. Өзі қоймадағы қауырт жұмыстың ортасында жүріп, бізді де еңбекке ерте араластырды. Доп қуып, бос жүретін уақытым мүлде болмапты. Ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбек еткен адам ғана еңбегінің жемісін, жеңісін көретінін кішкентайымыздан санамызға түйді. Менің сауда саласына деген қызығушылығым сол кезден басталған болатын. Кейін орта мектепті тәмәмдағаннан кейін Орал қаласына кооперативтік техникумға есепші мамандығына оқуға түстім. Оқуды бітірген соң қаладағы азық-түлік дүкендерінің біріне сатушы болып жұмысқа орналастым. Елде нарық заманы орнай бастаған тұста базарға сауда жасауға шыққан алғашқылардың бірі болып, өз кәсібімді киім-кешек сатудан бастадым. Тауарды Алматыдан тасымалдап, Оралдағы орталық базарға шығарып сататынмын. Кейін еліміздің оңтүстігінен үлкен көлемде көкөніс, жеміс-жидек тасып, көтерме саудамен айналысуға көштім. Көкөністің ішінде картоп, сәбіз, пияз халықтың күнделікті тұтынатын өнімдері. Сол себепті баға тұрақтылығын сақтау үшін үздіксіз тұтынушыларға жеткізіп отыруымыз керек. Осы бағытта үлкен шаруа атқарып жатырмыз деп ойлаймын. Осылайша кәсібімді кеңейте келе, бүгінде қала маңынан көкөніс сақтайтын үлкен қойма салып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жайым бар. Еңбекақылары уақытылы беріледі, ешкімнің адал еңбегін жеген емеспін,  – дейді ол…

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің  2021 жылғы 20  мамырдағы №19 санынан оқи аласыздар.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
18 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
146 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
140 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
14 Тамыз 2026
152 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
14 Тамыз 2026
153 0
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
14 Тамыз 2026
71 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
13 Тамыз 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Белсенді жастар – қала дамуының қозғаушы күші
13 Тамыз 2026
193 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»