8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 317 0
Референдум2026

Ұлттық рухтың дауысы

Өлеңті ауылындағы №293 референдум учаскесінде бүгін ерекше көрініс болды. Дауыс беруге «Сырым батыр» көкпар командасы арнайы командалық формамен келіп, саяси науқанға ұлттық рухтың бояуын қосты.

Көкпаршылардың бұл қадамы ауыл тұрғындарының да назарын аударды. Ат үстінде шыныққан жігіттердің дауыс беруге бірдей форма киіп келуі – азаматтық белсенділіктің де, ұлттық спортқа деген жанашырлықтың да белгісіндей әсер қалдырды.

Команданың капитаны – Төлеби Қайыржанов. Ұлттық спортқа жан-тәнімен берілген азаматтың айтуынша, қазақ баласының атқа мінуі – жай ғана спорт емес, ол – ұлттың болмысы.

– Әр қазақтың ұлы атқа міну керек. Атқа мінген бала қайсар болып өседі, жігері шыңдалады. Жылқы – қазақтың жаны. Жігіттің иісі – жылқының иісі. Сондықтан ұл тәрбиесінде ат спортының орны ерекше,- дейді Төлеби.

Оның айтуынша, өзі осы уақытқа дейін талай үйдің ерке өскен баласын атқа отырғызып, көкпардың қазанында шыңдап, азамат болуына ықпал еткен. Ат үстінде тәрбие алған бала еңбекке де, елге де жақын болады деп есептейді.

Көкпаршылардың референдум учаскесіне командалық киіммен келуінің де өзіндік мәні бар.

– Ұлттық спорт соңғы жылдары кенжелеп бара жатқандай көрінеді. Біз соған алаңдаймыз. Сондықтан бүгінгі референдумға осылай келуді жөн көрдік. Бұл – бір жағынан азаматтық міндетімізді орындау болса, екінші жағынан ұлттық спортқа ел назарын аудартудың бір жолы,- дейді команда капитаны.

«Сырым батыр» көкпар командасының бұл қадамы ауыл тұрғындарына да ерекше әсер қалдырды. Учаскеге келген жұрт көкпаршылармен суретке түсіп, ұлттық спорт туралы әңгіме өрбітті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Тазалықтан тәртіп басталады
08 Тамыз 2026
48 0
Экономика
Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
08 Тамыз 2026
48 0
Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап тоғысқан алаң
08 Тамыз 2026
50 0
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
131 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
155 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»