8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қыркүйек 2021 1902 0
Өзек

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Оралда Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «ВАЗ 2106» және «Газель» маркалы екі азаматтық автокөлік құралының қатысуымен болған жол-апат окиғасының куәгерлері болып, зардап шеккен үш жолаушыға жедел медициналық көмек көрсетті.

Окиға бүгін 19 қыркүйек күні сағат 14.15 шамасында патрульдік қызметті атқару кезінде бөлім штабы бастығының аға көмекшісі капитан Данияр Наурызғалиев, жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының командирі капитан Медет Мұхтаров және дәрігер, санитарлық нұсқаушы ефрейтор Абылай Амангелді Подстепный кенті маңындағы 2-саяжай трассасындағы екі автомобильдің қатысуымен болған жол-апаты оқиғасының куәгерлері болды.

«ВАЗ 2106» маркалы автокөлігін басқарған жүргізуші ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде тұрған Газельдің артынан келіп соғысады. Көліктің соққысынан жеңіл машинаның салонның алдында отырған жолаушы әйел адам қатты қысылып есіктен шыға алмады. Сақшылар оқиға туралы жедел қызмет қызметкерлеріне дереу хабарлап, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге асықты. Жеңіл көліктің салонында үш адам болған.

Капитандар Данияр Наурызғалиев пен Медет Мұхтаров алдымен алдыңғы орындықтан қысылып калған қарт әйелді алып шықты. Әрі қарай, олар жолаушылар есігі арқылы зақымдалған көліктен және тағы екі қарт әйелді алып шығуға көмектесті. Өз кезегінде ефрейтор А.Амангелдин, капитандар Д. Наурызғалиев және М.Мұхтаровпен бірге оларға зардап шеккен жолаушыларға қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жол апатының куәгері, екінші саяжай тұрғыны Жайнагүл Мұратқызы Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне дер кезінде жедел көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтып, оларға денсаулық пен қызметіне табыс тіледі.

– Өкінішке орай, қазіргі қоғамда көпшілігі жай өтіп кетеді, ал кейбіреулері интернетте «ұнатуларды» жинау үшін телефонға түсіреді. Сондықтан ұландықтардың әрекеті – бұл біздің қоғамда әлі де бейжай қарамай кетпейтін адамдар бар екендігінің толық дәлелі. Олар басқаша жасай алмайды, олардың өз азаматтық міндеті деп санайды. Мен ұлттық ұлан әскерлерінде осындай қырағы да батыл жауынгерлер қызмет ететіне, мақтан тұтамын, – деді куәгер Жайнагүл Мұратқызы.

Ұландықтар өз әрекеттерін батылдык деп санамайды-олардың пікірінше, мұндай жағдайларда әр адам зардап шеккен адамға көмек көрсетуі керек. Бұл сәтте, өте тез әрекет етіп, құтқару керек болды. Себебі адамның өмірі қауіпті болды.

подполковник Ерболат СҰЛТАНОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
84 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
63 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
75 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»