«КИІКТЕРДІ КҮЗЕТУ» ЖОБАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Батыс Қазақстан облысында киіктерді қорғау шараларын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне тиесілі «Охотзоопром» мекемесі қаматамасыз етеді. Аталмыш мекемедегі 50 инспектор 6 ауданды қамтитын 4 млн. гектардан астам аумақтағы киікті қорғаумен айналысады.

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшының орынбасары Зәкария Туралиевтің айтуынша, қазіргі таңда аталмыш мекеменің инспекторлары жоғары жылдамдықта жүретін автокөліктермен және қар жүргіш техникалармен 8 мобильдік тобы 15 күндік вахталық режимімен қорғау жұмыстарын жүргізуде.
– Ішкі істер департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Охотзоопром» мекемесімен киікті қорғау, оны заңсыз аулаудың жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жоспары құрылды. Жұмыс жоспарына сәйкес, бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді. 2018 жылы бірлескен рейдтік жұмыстары нәтижесінде киіктерді заңсыз ату және олардың дериваттарын тасымалдағаны үшін 2 факті анықталды. Сонымен қатар 2017 жылы облыс прокуратурасымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп құрылған «Киіктерді күзету» жобасы дайындалды. Аталмыш жобаның арқасында облысымызда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып жалпы айтқанда оң нәтижесін көрсетті. Осы орайда, аталмыш жобаны қайта жаңғыртуды көздеп отырмыз, – деді Зәкария Есболатұлы.
Қазіргі таңда Орал популяция киіктері көршілес Ресей Федерация Саратов, Волгоград шекаралас аудандарында жайылып, өрісін кеңейтуде. Осыған байланысты, Саратов, Волгоград облысының экология және орман шаруашылығы, табиғи ресурстар мекемелерімен бірлескен жұмыс жоспары құрылған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу