8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2018 3781 0
Мәслихат жаршысы

КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

      Қаладағы  №22 орта мектепте өткен жылынан бастап оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында «Өмірлік таңдау» жобасы қолға алынған. Жоба аясында оқушылар түрлі сала мамандарымен кездесіп, өмірлік жолдарын адаспай табуға, бағыт-бағдар алып отырады. Кеше мектептің 9-11 сынып оқушылары бизнес өкілдерімен кездесті.

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұратыны белгілі.  Бұл күні жеке кәсіпкер, Орал қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Әжмағамбет, ата-аналар комитетінің мүшесі Сәбира Еролеева, «Орал АВТОГАЗ» ЖШС басшысы Талғат Тлепбергенов, «Орал қалалық білім беру бөлімінің оқу-өндірістік комбинаты» KММ директоры Мұхтар Есболатов, «УРАЛ-ТАУ» ЖШС бас директоры Әліби Оразов жас буынға өмірлік тәжірибелерінен сыр шертіп,  мамандықты саналы түрде таңдауға кеңестерін берді. Мектеп директоры Жанаргүл Аймурзинаның айтуынша, жоба шеңберінде оқушылар кәсіпорын, мекемелерге, ата-аналарының жұмыс орындарына барып, әр мамандықтың қыр-сырымен танысып жүр. Қазіргі таңда мектепте 752 бала білім алуда. Олардың 21-і осы оқу жылында алтын ұясымен қош айтысады. Былтырғы оқу жылында мектепті тәмамдаған 14 оқушының бәрі дерлік жоғары оқу орындарының студенті атанған.

– Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Осы мемлекеттің болашағы жастар десек, бүгін  осы маңызды тақырыпқа байланысты мектебімізге  өмірде өз орындарын адаспай тапқан, өз өмірлерінің нағыз иелерін шақырдық. Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзін басшылыққа алу керек. Жобаның мақсаты – жедел дамыған заманға сай балалардың көзқарастарын өзгерту, – дейді Жанар Төлегенқызы.

Ал депутат Әлібек Әлімжанұлы: – Мұндай басқосулар жасөспірімдер үшін өте қажет. Әр баланың өмірлік таңдауын дұрыс жасауы үшін ақыл-кеңестерімізді беруге дайынбыз. Қазіргі маман – бәсекеге қабілетті болуы хақ. Елбасы айтқандай, үштілді меңгеру маңызды. Жаңашылдыққа ұмтылу қажет. Осы бағытта мектеп ұжымының қолға алған жобасы көңіл қуантады, – дейді Кездесу барысында балалар кәсіпкерлерге көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
133 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
140 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
265 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
532 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
583 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
652 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»