8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2026 58 0
«Әділет» партиясы

ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Әділет» партиясының өкілдері мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.

Жиынның басты мақсаты – тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру, оның негізгі басымдықтары мен алдағы жоспарларын түсіндіру, сондай-ақ халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңір үшін өзекті мәселелерді талқылау. Кездесуді «Әділет» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева жүргізді.

Кездесуге «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бауржан Бектұрған бастаған делегация қатысты. Оның құрамында Нұртай Жұмашев, Данагүл Кауметова, Зульфия Бекешова, Мерген Сүлейменов және Ерлік Шамғали болды.

Жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары мен міндеттері сөз болды. Сонымен қатар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көзделген бастамалар таныстырылды. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесу барысында аудан тұрғындары да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балықов Атамекен және Амангелді ауылдарындағы ауылішілік автомобиль жолдарын салу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл мәселенің шешілуі ауыл тұрғындары үшін аса маңызды.

Өз кезегінде партия өкілдері тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынатынын атап өтіп, халықпен тұрақты байланыс орнату мен көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Әділет» партиясының өкілдері елді дамыту жолындағы басты міндет – халықтың сұранысына құлақ асып, нақты істерді жүзеге асыру екенін жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»