8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2026 55 0
«Әділет» партиясы

«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

«ӘДІЛЕТ» партиясының облыстық штаб өкілдері «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге облыстық партия филиалының сайлауалды штаб мүшелері Мұрат Мұқаев, Ақылжан Ахметов қатысты.
Мұрат Рахметұлы өз сөзінде өңірді дамытудың нақты бағыттары мен сандық көрсеткіштерге тоқталды.
– 2029 жылға дейін инфрақұрылымдық жобаларға 6,5 триллион теңге бөлу, республика бойынша 70 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы бойынша қазіргі таңда 60 пайызды құрайтын жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 2031 жылға дейін 77 пайызға жеткізу міндеті қойылған,-деді спикер.

Сондай-ақ өңірдегі электр желілерінің тозуы, тұрғын үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне назар аударды. Өндіріс орындарын дамыту, отандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыру, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері де сөз болды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер қоғамдық диалогты дамытуға, еңбек ұжымдарының пікірін тыңдауға және өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
40 0
«Әділет» партиясы
БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ
10 Қараша 2026
116 0
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
312 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
350 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»