8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Ақпан 2019 2035 0
Өзек

«КӨКТЕМ-2019»: ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ

27 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында«Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық бөлімі өтті.

Осы күні қала шетіндегі «Дубрава» кешені ауданында, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың, оқу-шаттығуды басқару штабының бастығы, БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың қатысуымен оқу-жаттығудың негізгі бөлімі өткізілді. Оқу-жаттығу сценариі бойынша жауын-шашынның қарқынды жаууынан облыстың бұрыннан тегіс ашылмаған өзендеріндегі қар жамылғысының қарқынды еруіне себеп болған ауа температурасының бірден көтерілуі нәтижесінде күрделі ахуал орын алды. Көктемгі су тасудан, ірі су қоймаларынан судың шұғыл ағуынан тіршілікті қамтамасыз етуші нысандар қатары бұзылып, транспорттық коммуникациялар бүлінді, облыс аудандарындағы елді мекендерді отынмен, ЖЖМ-мен, азық-түлікпен, медикаменттермен және алғашқы қажеттілік заттарымен жабдықтау тоқтатылды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

Сонымен қатар «Дубрава» кемпингі ауданындағы Шаған өзенінде салонында жолаушылары бар жеңіл автомобиль аударылды. Қосымша мәліметтер бойынша салонында бір балықшы бар автомобиль су қоймасының тұруға болмайтын орнын қиып өтті, соның нәтижесінде ол суға батты.

Барлық арнайы қызметтер қолданған шара барысында төтенше жағдай жойылды, ал зардап шеккен балықшылар құтқарылды, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Оқу-жаттығуына облыс деңгейінде барлығы жеке құраман 2140 адам және 676 бірлік техника тартылды.

«Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екі күндік қорытындысы бойынша барлық алға қойылған міндеттер орындалды, оқу-жаттығу мақсатына жетті.

Айта кетейік, басқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, күштері мен құралдарының көктемгі кезеңге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 26 және 27 ақпан күндері елімізде «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»