8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2022 1946 0
Оқиға

Күдіктілерді хабарлаңыздар?!

Оралда полиция қызметкерлері қала тұрғынынан трамадолдың 1000-нан астам таблеткасын, сондай-ақ есірткіге мас болуды тудыратын басқа да препараттарды тәркіледі.
БҚО Полиция департаменті құрамында есірткіден мас болуды тудыратын заттары бар фармакологиялық препараттардың заңсыз сауда нүктелерін анықтау және жою бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуде.
Мәселен, тыйым салынған таблеткаларын рецептсіз сатқан Жақсығұлов көшесіндегі 1961 ж.т., К есімді азаматша өз пәтерінде ұсталды. Онда санкцияланған тінту жүргізу барысында 1 270 дана «Трамадол» таблеткасы, 10 мл-ден 89 «Трапикамид» құтысы және 5 мл-ден 68 сауыт табылды және алынды. Сондай-ақ, 10 мл-ден 86 «Медакс» құтысы табылып, тәркіленді.
Аталған фактінің ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу).
Қазіргі уақытта облыс бойынша «Қара сора – 2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, оның барысында азаматтардың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде 1977 ж. т., «Ж» есімді тұрғыннан ішінде ерекше иісі бар өсімдік тектес сұр-жасыл түсті зат болған полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 3,77 гр «Кептірілген марихуана» екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу).
БҚО Полиция департаменті облыстың барлық тұрғындарына үйлер мен пәтерлерден есірткі заттарын, сондай-ақ «Трамадол», «Тропикамид» және «Мидакс» сияқты дәрі-дәрмектерді сатуға болатын барлық күдікті мекен-жайлар туралы хабарлауды сұрайды. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген препараттарды рецептісіз сату мүмкін болатын дәріханалардың мекенжайларын БҚО Полициясына дереу хабарлаңыздар!

Өз тілшіміз
«Жайық Үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
156 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
253 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
227 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»