8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2026 740 0
Өзек

Өңірде негізгі көрсеткіштер өсуде

Батыс Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы тоқсаны қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң серпін көрсетіп отыр. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Аталған мәліметтер ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Жиынға облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов селекторлық режим арқылы қатысты.

Баспасөз қызметінің дерегінше, өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде өсім тіркелген. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,6 пайызға ұлғайса, негізгі капиталға салынған инвестициялар 22,3 пайызға артқан. Құрылыс саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар: жұмыстар көлемі 17,4 пайызға өсіп, жалпы ауданы 92,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сонымен қатар ішкі сауда мен көлік қызметтері бағытында да тұрақты даму қарқыны сақталған.
Өңір бюджетінің кіріс бөлігі де жоспардан асыра орындалған. Қазынаға 135,1 млрд теңге түсіп, жоспар 131,4 пайызға орындалды. Оның ішінде облыстың меншікті кірістері 59,8 млрд теңгені құрап, белгіленген межеден 20,5 пайызға жоғары болды.


Дегенмен республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілу деңгейі 69,7 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне Жайық өзенін нығайтуға бағытталған қаржының уақытылы аударылмауы әсер еткен. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстарды жеделдету және бөлінген қаражатты тиімді игеру бойынша нақты шаралар қолға алынған.

Толығырақ «Жайық үні» газетінің №16 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
141 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
330 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
320 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»