8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2026 73 0
Экономика

Өңір басшысы жергілікті өндірістің тынысымен танысты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі өндіріс саласын дамытуға үлес қосып отырған «Samgau Company» кәсіпорнының жұмысымен танысты.


2009 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде арнайы мақсаттағы жұмыс киімдерін тігу бағытында табысты еңбек етіп келеді. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны тапсырысқа сай әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған арнайы киімдерді дайындап қана қоймай, дайын өнімді жеткізу жүйесін де қатар жүргізіп отыр.

Кәсіпорын өнімдері сапаға қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Сондықтан мұнай-газ, құрылыс және өндіріс саласындағы ірі компаниялар тарапынан сұраныс та жоғары. Бұл өз кезегінде жергілікті өндірістің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында аймақ басшысы жергілікті өндірісті дамыту, тауар түрлерін көбейту және жеңіл өнеркәсіп саласын қолдау өңір экономикасын нығайтудың маңызды бағыты екенін атап өтті. Кәсіпті кеңейтуге деген ұмтылыс пен еңбекке деген жауапкершілік қашанда нәтиже беретінін жеткізіп, шикізат базасын дамыту немесе өнім өткізуге қатысты мәселелер туындаған жағдайда мемлекет тарапынан қолдау тетіктері жан-жақты қарастырылатынын айтты. Өйткені өз кәсібін дамытып қана қоймай, ел игілігіне қызмет етуді мақсат еткен азаматтардың бастамасы әрдайым қолдауға лайық.

Бүгінде осындай өндіріс орындарының тұрақты дамуы аймақтағы кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық өнім көлемінің ұлғаюына және өңірдің экономикалық әлеуетінің нығаюына негіз болып отыр.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ
02 Шілде 2026
71 0
Жол / Құрылыс
Тасқалада жаңа мектеп бой көтеруде
29 Маусым 2026
204 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
28 Маусым 2026
193 0
Жол / Құрылыс
Мұратсай ауылына апарар жол жаңарды
28 Маусым 2026
188 0
Жол / Құрылыс
Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде
27 Маусым 2026
206 0
Инфрақұрылым
Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады
27 Маусым 2026
226 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»