8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Шілде 2026 57 0
Жаңа Конституция

Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – елдің Негізгі Заңы күшіне енді. Ол адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін, құқық үстемдігін және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін нығайта отырып, еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Конституциялық реформаның негізгі бағыттарының бірі – адам құқықтарын қорғауды одан әрі күшейтуге, сондай-ақ жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған.

Конституцияның 18-бабында әрбір адамға ұсталған кезде оның бостандығын шектеудің негіздері мен құқықтарын түсіндіру міндетінің бекітілуі маңызды жаңа өзгерістердің бірі болды. Бұл ұсталған сәттен бастап адамға оның бостандығын шектеудің себептері, үндемеуге құқығы, қорғаушының көмегіне жүгіну және ұсталғаны туралы жақын туыстарына хабарлау құқығы түсіндірілуге тиіс дегенді білдіреді. Мазмұны жағынан бұл конституциялық кепілдік, халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын Миранда қағидаларына сәйкес келеді.

Аталған норманың Конституцияда бекітілуі адамның бостандығы шектелген алғашқы сәттен бастап оның себептерін біліп, өзінің процестік құқықтарын түсінуіне және уақтылы заң көмегін пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл нормалар құқықтарды негізсіз шектеуден қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етіп, іс жүргізудіңең бастапқы кезеңінен бастап қорғану құқығын тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайды әрі әділ сот төрелігі қағидаттарының сақталуына ықпал ететіні сөзсіз.

Тағы бір маңызды жаңалық – Конституцияның 19-бабында кінәсіздік презумпциясының, яғни өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және заңда айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығының, сондай-ақ бір құқық бұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа қайтадан тартуға жол бермеу қағидатының бекітілуі. Бұл ережелер дербес конституциялық қағидаттар мәртебесіне ие болып, олардың адам құқықтарын қорғаудағы айрықша маңызын айқындайды.

Кінәсіздік презумпциясы адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептелетінін білдіреді. Ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, ал жойылмайтын барлық күмән адамның пайдасына түсіндіріледі. Бұл азаматтарды негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғайды, сот талқылауының объективтілігін нығайтады және әрбір істің әділ қаралуына кепілдік береді.

Өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы азаматтарды өзін-өзі әшкерелеуге мәжбүрлеуден қорғайды әрі заңда көзделген барлық қорғану құралдарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Ал бір құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа қайтатартуға тыйым салу іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін адамды қайтадан қудалауға жол бермей, құқықтық айқындық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейту жаңа Конституцияның маңызды жетістіктерінің бірі болды. Конституцияда бекітілген кепілдіктер азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға, олардың бостандықтарын қорғау деңгейін арттыруға және адам құқықтары мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық болып табылатын құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
Тасқалада жаңа мектеп бой көтеруде
29 Маусым 2026
176 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
28 Маусым 2026
164 0
Жол / Құрылыс
Мұратсай ауылына апарар жол жаңарды
28 Маусым 2026
162 0
Жол / Құрылыс
Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде
27 Маусым 2026
179 0
Инфрақұрылым
Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады
27 Маусым 2026
202 0
Құттықтаймыз!
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
26 Маусым 2026
249 0
Жол / Құрылыс
Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда
25 Маусым 2026
256 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»