8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2026 83 0
Өңір жаңалықтары

БАҚ өкілдері мемлекеттік наградамен марапатталды

Батыс Қазақстан облысында өңір журналистерімен арнайы кездесу өтті. Жиынға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев ақпарат саласы өкілдерін 1 шілде – жаңа Конституцияның күшіне енуі мен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, қоғамдағы маңызды құндылықтарды қалыптастыру жолындағы журналистер еңбегіне жоғары баға берді.

Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы айқындаған заң мен тәртіп, еңбекқорлық, тазалық пен табиғатты қорғау сынды жасампаз құндылықтарды халық санасына сіңіруде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ ақпарат саласының үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететінін жеткізді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған ардагер қаламгер Есенжол Қыстаубаев «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар AQJAIYQ телеарнасының операторы Рүстем Ищанов көпжылдық еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Марапат иелері ұзақ жылдар бойы өңір журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосып, кәсіби тәжірибесін жас буынға үйретіп келеді. Облыс әкімі олардың еңбек жолы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым өнеге екенін атап өтті.

Салтанатты шара соңында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, ел мен өңірдің өркендеуіне ізгі тілектерін жеткізді.

Осылайша, кәсіби мереке қарсаңында өңірдің бірқатар журналисі мен ақпарат саласы ардагерлерінің көпжылдық еңбегі жоғары бағаланып, бүгінде лайықты марапаттарға ие болды. Ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген барша әріптесімізді құттықтаймыз!

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ
02 Шілде 2026
70 0
Жол / Құрылыс
Тасқалада жаңа мектеп бой көтеруде
29 Маусым 2026
204 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
28 Маусым 2026
193 0
Жол / Құрылыс
Мұратсай ауылына апарар жол жаңарды
28 Маусым 2026
188 0
Жол / Құрылыс
Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде
27 Маусым 2026
206 0
Инфрақұрылым
Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады
27 Маусым 2026
226 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»