Жайық үстінен жаңа көпір салынады: өңірлік инфрақұрылымның жаңа кезеңі
Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы – өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын жобаның жалпы құны 71 млрд теңгені құрайды. Бұл бастама көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, халықаралық транзиттік бағыттың қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.
қ сараптама нәтижесінде апаттық жағдайда деп танылған ескі көпірлердің жанынан бой көтереді. Нысан халықаралық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолы бойында орналасады. Сондықтан жоба өңір тұрғындарының қауіпсіз әрі үздіксіз жол қатынасын қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік береді.
Жоба аясында ұзындығы 8 шақырым болатын автомобиль жолы, сондай-ақ заманауи монолитті құрылымдағы ұзындығы 513 метр арналық және 1710 метр жайылмалық қос көпірдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдардың келісімінен өткен. Инженерлік шешімдер мен жаңа құрылыс технологиялары нысанның беріктігі мен ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл көпірдің стратегиялық маңызы өңірлік деңгеймен ғана шектелмейді. Көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды жоба халықаралық көлік қатынасын дамытуға, Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және логистикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жайық үстінен жаңа көпір салынады: өңірлік инфрақұрылымның жаңа кезеңі
Оралда қаланы көркейтуге бағытталған көгалдандыру жұмыстары қарқын алды
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды
Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық мониторинг

Кіру
