Білім ордасындағы тәртіп тазалықтан басталады
Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Хан Ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. Білім ордасының материалдық-техникалық жағдайын қарап шыққан өңір басшысы мектеп аумағын аралап, абаттандыру және тазалық мәселесіне ерекше назар аударды.
Бүгінде аталған мектепте 87 педагог еңбек етеді. Өткен оқу жылын 503 оқушы аяқтаған. Мектеп басшылығының мәліметінше, алдағы уақытта ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ ескірген қазандықтың орнына орнатылған жаңа жылу жүйесі де таныстырылды. Облыс әкімі жаңа жабдықты ұқыпты пайдаланып, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Кездесу барысында Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті. Өңір басшысы мектеп аумағының тазалығы мен жинақылығы өскелең ұрпаққа тәрбие берудің маңызды тетіктерінің бірі екенін негізге алды.
Білім ордасының ажары оның тек ғимаратымен емес, тазалығы мен ұқыптылығымен де көрінеді. Сондықтан мектеп аумағын көркейту, тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелері қашанда назардан тыс қалмайды.
– Тазалық табалдырықтан, үйден, мектептен басталады. Білім ордасы – өскелең ұрпақтың мекені. Педагогикалық еңбек ұжымы қай істе де өзгелерге үлгі болуға тиіс. Мектептің сырты таза болмаса, ішінде тәртіп те, жауапкершілік те болмайды. Сондықтан осыған жіті көңіл бөліп, ауланы көгалдандыруға мән беріңіздер. Тазалық бар жерде тәртіп бар, – деді облыс әкімі.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қаланы көркейтуге бағытталған көгалдандыру жұмыстары қарқын алды
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды
Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық мониторинг
ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады

Кіру



