8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2026 304 0
Жол / Құрылыс

Мұратсай ауылына апарар жол жаңарды

Бөкей ордасы ауданындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Мұратсай ауылына кіреберіс жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Аталған бағыттағы жұмыстармен танысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев жолдың сапасын қарап, атқарылған жұмыстарды бағамдады.

Жоба аясында жалпы құны 392,3 млн теңге болатын 18 шақырым автожол салынды. Құрылыс жұмыстары екі жыл бұрын басталып, бүгінде негізгі кезеңдері толық орындалған.

Жұмыс барысын тексеру кезінде аймақ басшысы мердігер ұйым өкілдерімен және техникалық бақылаушылармен кездесті. Кездесу барысында жолдың сапасына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Нариман Төреғалиев жол жиектерін ретке келтіру, қажетті жол белгілерін орнату және таңбалау жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кету керек, өңірде жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдету, жол сапасын арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
84 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»