8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Маусым 2026 299 0
Жол / Құрылыс

Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары аясында Ақжайық ауданындағы жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы «Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың жөнделіп жатқан учаскесін арнайы барып көрді.

Қазіргі таңда аталған жолдың 0-17 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 2,7 миллиард теңгені құрайтын жобаны «ТОБИ» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба аясында 16,5 шақырым жол заманауи ресайклинг технологиясы арқылы қайта жаңартылмақ.

Мамандардың айтуынша, жол төсеміне ірі түйіршікті әрі жоғары беріктікке ие асфальт жабындысы төселеді. Сонымен қатар көлік қозғалысын бақылауға арналған автоматтандырылған өлшеу жүйесін орнату да жоспарланған.

Бүгінде құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып жатыр. Қазіргі есеп бойынша 4,5 шақырым аумақта жолдың негізгі қабаты дайындалған. Нысан басында 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, құрылысқа қажетті материал қоры толық қамтамасыз етілген. Жөндеу кезеңінде көлік қозғалысы уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылған.

Жұмыс барысын бақылаған өңір басшысы мердігер мекемеге құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жобаны осы жылдың қазан айына дейін толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ келесі жылы Қабыршақты ауылына дейінгі жолдың жекелеген бөліктерін қалпына келтіру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Автожолдардың сапалы болуы – халықтың тұрмыс сапасы мен өңір дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан қолға алынған бұл жоба алдағы уақытта ауданаралық байланысты күшейтіп, тұрғындар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға негіз болады.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
81 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»