8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2019 3683 0
Жалын

БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай батысқазақстандық жасотандықтар Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «BILIMFEST» шарасы аясында «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысын ұйымдастырды.

Оқушылардың біліктіліктері мен ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін шыңдауға бағытталған бәсекеге №1, 36, 38, 43 қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Алдымен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында жастар мен ақын, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпаз-жүлдегері, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлымен «Bookdating» форматында «Жырлайды жүрек» атты кездесу өтіп, ақын шығармашылығына арналған жас ақындардың өлең шумақтары оқылды.

Бұдан кейін «Заманауи қазақстандық білім берудегі педагог мәртебесі» республикалық лекциясы өтті. БҚО Жас Ұлан еріктілер ұйымының жетекшісі Шаттық Саматқызы, «Жыл үздігі – 2017» БҚО жастар премиясының «Үздік ұстаз» аталымының жеңімпазы, Орал қаласы «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Мақсотов Марс Мавлетұлы орталыққа жиналған оқушылар мен «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының бөлімше жетекшілеріне бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, кітапханалармен «Bilim Ortalygy»-ындағы мол мүмкіндіктер туралы кеңінен айтып өтті.

Лекция дисскуссиялық отырысқа ұласып, «Ерікті.Лидер.Winner» атты көшбасшылық және топтық жұмыстарды қалыптастыруға бағытталған тренингпен өз жалғасын тапты. «Білім орталығы» аймақтық кітапханаларды заманауи білім беру орталығына айналдыру жобасы аясында өткен «BILIMFEST» ашық есік күніне 100-ден астам жастар мен жасөспірімдер қатысты.

Ерлік ШАМҒАЛИЕВ, «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ менеджері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
79 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
61 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
73 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
143 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
160 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
189 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
145 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
149 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
156 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»