8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 2636 0
Қоғам

Бекарыс ШОЙБЕКОВ: «Алты Алаш атқа мініп жатқан кезде Алматы велосипедпен дөңгелейді»

 5 наурыз күні Орал қаласында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл айтыста Алашқа есімі мәшһүр түркістандық Бекарыс Шойбеков Алматы қаласы атынан шыққан Рүстем Қайыртаймен айтысты. Қазіргі қоғамдағы өткір мәселелерді қозғағаған ақындар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын айтыстарына арқау етті. Қарсыласына қарата Бекарыс ақын:

«Жеті қырдың ішінде Елбасымыз

Атқа міну өнерін белгілейді.

Алматының әкімі керісінше,

Тұлпар жайлы көсіліп сөйлемейді.

Кептелістен шығудың бір амалы –

Велосипедпен жүрейік деп сөйлейді.

Алты Алаш атқа мініп жатқан кезде

Алматы велосипедпен дөңгелейді.

Екеуі де жақсы ғой мінем десе,

Себебі екеуі де май жемейді.

…Алтын домбыра айтысы

ертеде өткен,

Астанадай арайлы өлкеде өткен

Ақындар мініп алып арғымаққа.

Екі-үш күндік өмірін көркем еткен.

Бар ақынның тұлпар мініп жүргендігін,

Төбесінен көрсетті вертолетпен.

Жансая ақ түйеге мініп алып,

Батыстың абыройын еңселі еткен

Жүкең де Байшұбарға мініп алып,

Алпамыс жырын оқып, еңселі еткен.

Бірақ, сенің қараңды көре алмадық,

Ақын едің ел-жұрты еркелеткен

Жоқ әлде шапаның мен шалбарыңды

Атқа міну жағына өлшемеп пе ең,

Айтпақшы, Алматыда заң басқа ғой

Әкімнің тапсырмасы осылай деп –

Бір шетте жүрдің бе әлде  велосипедпен?», – деп ой қозғады.

Рүстем ҚАЙЫРТАЙ: «Қос аяқты шайтан мініп жүр демесін деп…»

ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОРАЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»