8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2025 1047 0
Өзек

Меморандумға қол қойды

11 қараша күні «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің Х отырысы өтті. Ол индустриаландыру және импортты алмастыру мақсатында жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған. Кеңес барысында Қазақстан Сыртқы сауда палатасы, «Росхим» АҚ, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы, Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Кублей» ЖШС, «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту корпорациясы» АҚ, «Конденсат-Холдинг ЛТД» ЖШС, «ABS Строй» ЖШС, Самара облысы Инвестиция тарту агенттігі, «Digital Lab» ЖШҚ, «Bihas» ЖШС, «Нұржанар» ЖШС және Қазақстан-Ресей білім беру ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.
Отырысқа қатысқан Ресей Федерациясындағы «Kazakhexport» компаниясының аймақтық директоры Ренат Қалиев: – Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесі құрылғалы бері, екі ел арасындағы кәсіпкерлік қарым-қатынастың дамуын қамтамасыз ететін сенімді институт ретінде танылды. Ол тәжірибе алмасып, ұсыныстар беріп, бастамаларды жүзеге асыратын бірегей алаңға айналды десе, Қазақстандағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілі Денис Валеев: – Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінде жұмысшы мамандықтарын дамыту мәселесі, сондай-ақ, өнеркәсіп, цифрландыру, көлік және логистика, аграрлық сектор мен энергетика салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл екі елдің кәсіпкерлік саласына қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді.

Жалғасы «Жайық үнінің» осы аптадағы нөмерінде.
Дайындаған Д. Сағынбаева.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
92 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
185 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
224 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
263 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»