ЫНТЫМАҚ ПЕН ІСКЕРЛІК ТОҒЫСҚАН ФОРУМ
11-12 қараша күндері шаһарымызда осы жылдың ең ірі оқиғаларының бірі – Қазақстан-Ресей ХХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. «Жұмысшы мамандықтар – экономикалық өсімнің қозғаушы күші» тақырыбын ту еткен форумда цифрландыру, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылау мақсатында екі елдің мемлекеттік орган басшылары, аймақ, бизнес, ғылым және қоғам өкілдері бас қосты.
Форум – Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін нығайту үшін түрлі сала өкілдерін біріктіретін бірегей алаң. Ол ұзақ жылдар ішінде мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, инвесторлар, сарапшылар мен пікір көшбасшыларының дәстүрлі диалог алаңына айналды. Форумға қатысушылардың мазмұнды диалогы мен қазақстандық және ресейлік іскерлік қауымдастықтың өзара ынтымақтастығы жаңа іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашып, экономиканың дамуына серпін береді әрі Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асуына қажетті қолдау түрлері мен ресурстарды тартады.
Екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы 2008 жылдан бері өтіп келеді. Алғаш рет Орынбор қаласында өткен. Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы Батыс Қазақстанда серпінді дамып келе жатқан Орал қаласында ұйымдастырылды. Шаһарымыз дәл осындай маңызды шараны үшінші рет өткізуде. Бұған дейін мұндай форумдар 2006 және 2014 жылдары ұйымдастырылған еді.
Жалғасы «Жайық үнінің» осы аптадағы нөмерінде.
Дайындаған Д. Сағынбаева.
Соңғы жаңалықтар
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі «Кублей» ет өңдеу кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті болып сайланды
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Робот-собака, Тәртіпбек и Тазабек на «BaiQymyz–2026»: акцию «Закон и порядок» провели на гастрофесте в Астане
Қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Кіру