Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары
Ағымдағы жылы сібір жарасының ошақтары анықталған жоқ. Облыс аумағында ағымдағы жыл басынан 4 (төрт) ауру ошағы тіркелді, (төртеуі де МІҚ малдары арасында), соның ішінде құтыру ауруының 2 ошағы – Бөкей Ордасы ауданы, Бисен а/о-де, 1 ошақ – Казталов ауданы, Казталов а/о, Сайқұдық қыстағы. Ауру ошақтарында тиісті ветеринариялық іс-шаралар толықтай жүргізіліп, ауру ошақтары жойылды.Бруцеллез ауруының 1 (бір) ошағы Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Алмалы ауылдық округінде тіркелді. Басқа аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Анықтамалы: 2024 жыл нәтижесімен облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 9 ошағы тіркелді.
Жануарлардың бруцеллез ауруы бойынша
2025 жылдың 10 айлық жоспарына сай диагностикалық зерттеулер нәтижесінде бруцеллезге 804,8 мың бас МІҚ зерттеліп (100%), оның 5 327 бас оң нәтиже көрсетті, облыс бойынша зақымдануы – 0,6%.
Анықтамалы: 2024 жылдың жылдық жоспарына сай бруцеллезге 812 мың бас МІҚ зерттеліп (100%), оның 5728 бас оң нәтиже көрсетті, зақымдануы – 0,7%.
Ұсақ мүйізді қара малдары бойынша бруцеллез ауруына 1 269,4 мың бас зерттеліп (96%), 863 бас оң нәтиже көрсетті, облыс бойынша зақымдану көрсеткіші – 0,1% құрайды.
Анықтамалы: Ұсақ мүйізді қара малдары бойынша бруцеллез ауруына 1 365,7 мың бас жануарлар зерттеліп (100%), оның 1 615 басы оң нәтиже көрсетті, зақымдануы – 0,1%.
Санитарлық тасымалдау бойынша
2025 жылы ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 50,764 млн теңге қаржы қарастырылған.
Бруцеллезге шалдыққан жануарлар облыс аумағындағы 9 сою ұйымына тасымалданып, санитарлық сою жүргізіліп отыр. Жыл басынан бруцеллезге оң нәтиже берген 5 237 бас ірі қара, 856 бас ұсақ мал санитарлық сою орындарына тапсырылды.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру