8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2026 439 0
Таза Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті.

Бұл шарада өңір кәсіпорындары маңызды рөл атқарды. Ірі және орта бизнес өкілдері мемлекеттік қызметшілермен, еріктілермен және облыс тұрғындарымен бірге бір мақсатқа — қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге жұмылды.

Акцияның ерекшелігі — өндірістік сектордың белсенді қатысуы болды. Игі бастамаға КПО б.в., «Стеклосервис» ЖШС, “Merlion SICIM” LLP, «Конденсат» АҚ, «Kazmeat Ақжайық» ЖШС, «Жайық ет» ЖШС, «VB Beles» ЖШС және басқа да компаниялар қосылды. Кәсіпорын қызметкерлері ешқандай мәжбүрлеусіз аумақтарды тазалауға шығып, экология мәселелеріне және әлеуметтік жауапкершілікке саналы көзқарас танытты.

Бұл күні қатысушылар кешенді тазалық жұмыстарын жүргізді: тұрмыстық қалдықтарды жинады, аулаларды ретке келтірді, қоғамдық орындар мен жағалау аймақтарын тазартты. Ластануға ең көп ұшыраған аумақтарға, соның ішінде демалыс орындары мен кәсіпорындарға жақын жерлерге ерекше назар аударылды.

Айта кетерлігі, «Таза Қазақстан» акциясына бизнестің қатысуы тұрақты тәжірибеге айналып келеді. Өңір кәсіпорындары экологиялық шараларды корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаттарын күнделікті қызметіне енгізуде.

Акцияның маңыздылығы туралы КПО компаниясының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Скотт Мюррей өз пікірін білдірді:

«Бүгін біз әріптестерімізбен бірге осы тазалық күніне қатысып, «Таза Қазақстан» акциясын қолдап отырмыз. Табиғаттың тазалығына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Мен өзім Шотландияданмын, бізде де осындай шаралар өткізіледі. Алайда көбінесе адамдар жиналып, өзен жағалауларын тазартады».

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында шамамен 1359 тонна қоқыс жиналды, акцияға 2063-тен астам адам қатысты, 330 аула тазартылды, 6868 ағаш отырғызылды, сондай-ақ 540 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Бұл көрсеткіштер атқарылған жұмыстың ауқымы мен тиімділігін, сондай-ақ экология мәселелеріне халық пен бизнестің жоғары деңгейде тартылғанын айқын көрсетеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
101 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
197 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
181 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»