8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2025 1467 0
Өзек

БҚО мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту туралы тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясының орталығы — Вейфан қаласына іссапармен барды.

Іссапар аясында энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина және өзге де маңызды салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар бойынша меморандум жасалмақ.

Аймақ басшысы бұл сапардың облыс үшін жаңа экономикалық кезеңнің бастауы әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі боларына сенім білдірді.

Екі ел арасындағы инвестициялық жобалар бойынша келісім жасау әрі қарай жалғасып, іссапар бағдарламасы бірнеше күнге жоспарланып отыр.

Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
174 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
190 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
339 0
Спорт
ЕРНҰР СҮЛЕЙМЕН – ЧЕМПИОН!
04 Қыркүйек 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»