БҚО-ДАҒЫ СОТТА ТРАНСҰЛТТЫҚ ҰЙЫМДАСҚАН ТОПҚА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ШЫҚТЫ
БҚО-да даулы іске нүкте қойылды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Украина азаматтары Игорь Дунаевский мен Виталий Малюкқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот төрағасының міндет атқарушы Бақыт Ермаханов ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, өткізу және қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу), 264-бабы 2-бөлігіне (трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу) сәйкес И.Дунаевский 19 жыл, В.Малюк 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот кезінде шетелдіктер батыс өңірін тыңғылықты зерттегенін жасырмады. Содан кейін ресми серіктестік құрып, облыста бұрын-соңды болмаған «өндіріс орнын» ашқан. Ауылдағы жасырын цехтан химиялық қоспаның сан алуан түрі табылды. Зертханада 30 келі синтетикалық есірткі дайындалған. Бірақ «кеткен тал қармайдының» керімен, күдіктілер бұл іске полицияның қатысы бар деп кінәлады.
БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлішер Сарының айтуынша, тәркіленген есірткі тектес зат толықтай жойылған.
– Тәркіленген есірткі тектес зат толықтай жойылды. Синтетикалық заттардың жойылған сәті видеоға түсірілді. Барлығы 30 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленіп, барлық дәлел, заттай айғақтар жойылды. Сондықтан күдіктілердің полицияны қаралауы негізсіз. Өздерінің жазасыз қалмайтынын білген соң, ел назарын басқаға аударып, қаралауға тырысты,– дейді БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлішер Сары.
Украина азаматтары Ресейдің бірнеше облысымен шектесетін Оралды әдейі таңдап алыпты. Тіпті жергілікті халықтың орыс тілінде жақсы сөйлейтінін де ескерген. Бірақ шетелдегі сыбайластары шеткері қалды. Дегенмен, оларға байланысты қылмыстық іс қозғалыпты.
– Қажет құрал-жабдықтар, жұмсалатын қаражат өзге мемлекеттерден атап айтқанда, Золотая Корона, Москва, Ресей Федерациясынан әкелінген. Мұны «транш» дейді. Ақша басқа жақтан бөлініп отырғанын өздері теріске шығармайды. Бас-аяғы 36 мың доллар көлемінде ақша жұмсағандарын сот процесінде өздері мойындады. Игорь Дунаевский 19 жылға, Виталий Малюк 18 жылға сотталды,– деп мәлім етті судья Бақыт Ермаханов.
Мұндай трансұлттық деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ өңірде алғаш рет құрықталды. Оралды синтетикалық есірткі орталығына айналдырғысы келгендер мұнымен келіспейді, аппеляцияға шағымданбақ.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу