БҚО-ДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз қызметінде өңірдегі су тасқынының алдын алу және дайындық жұмыстары туралы баяндалды.

28 ақпаннан бастап облысымыздағы азаматтық қорғау жүйесі жоғары дайындық режимімен жұмыс жасауда. Облыс бойынша 2443 жеке құрам, 707 техника, 51 жүзу құралдары және 266 мотопомпаны құрайтын күш-құралдары дайын. Қазіргі уақытта 871 адам, 471 техника жұмылдырылуда. Орал қаласы бойынша 516 адам мен 338 техника жұмыс жасауда. Облыс бойынша 50 уақытша орналастыру қосыны дайындалған. Олардың 28-і Орал қаласында.
БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжановтың баяндауынша, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар бойынша 470 су өткізу құбырлары және ұзындығы 7000 метрді құрайтын 35 су басу аймағы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша 1112 су өткізу құбырлары және ұзындығы 2500 метрді құрайтын 62 су бас учаскесі, темір жол бойынша 32 проблемалық учаске бар. Су басуға бейім аймақтар – Орал қаласы, Тасқала, Казталов және Бәйтерек аудандары.
– Облыс бойынша жергілікті резерв 885 млн. теңгені құрайды. Төтенше жағдайларды алдын алу және салдарын жою мақсатында бөлінген қаражат – 153 млн теңге. Сондай-ақ 156 тонна жанар-жағармай, 125 мың дана инертті мартериалдар мен мотопомпаларға, тағы да басқа шығындарға қаражат қарастырылды, – деді Ақылбек Қосманұлы.
Бүгінгі күні облыстың елдімекендерінен 1 млн.306 мың м3 астам қар шығарылды. Қар шығару жалғасуда. Каналдарды тазарту, бөгеттерді үймелеу жұмыстары жүргізілуде. Тасқала ауданы Тасқала ауылында Деркөл өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізілді.
25 ақпаннан бастап өзендегі мұздың кептелуін болдырмау мақсатында су тасқыны бар аймақтарда мұз кесу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін Деркөл, Шаған өзендері бойынша 16 760 ойық бұрғыланып, 129 470 текше метрді құрайтын мұз кесілген. 14 945 текше метрді құрайтын ағын су сорылған.
«Қазгидромет» облыстық филиалы директорының орынбасары Данияр Исмурзин мәлімдегендей, облыстағы өзендердегі мұздың қалыңдығы 100 см-ге дейін. Өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі қалыптағыдан 50-100 пайызға жоғары.
– Утва өзені – 666 млн. м3 (норма – 373 млн. м3) Шежін-2 өзені – 51 млн. м3 (норма – 40 млн. м3), Деркөл өзені – 258 млн. м3 (норма – 167 млн. м3), Шаған өзені – 603 млн. м3 (норма – 363 млн. м3), Өлеңті өзені – 119 млн. м3 (норма – 103 млн. м3), Шідерті өзені – 69 млн. м3 (норма – 60 млн. м3) болып отыр. Қар жамылғысының биіктігі көпжылдық орташа мәннен 1,5-тен 3 есеге дейін көп (қардың ең жоғары биіктігі 59 см-ге дейін). Топырақтың қатуының орташа көрсеткіші 30-50 см (өткен жылғы мәннен 50-60 см төмен) құрайды, – деп мәлімдеді Данияр Ерболатұлы.
Облыстағы қазіргі жағдай тұрақты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу