БҚО-ДА КИІКТЕР НЕДЕН ҚЫРЫЛУЫ МҮМКІН – МИНИСТРЛІК БОЛЖАМЫ
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2021 жылдың 13 мамырында БҚО-ның Жәнібек ауданы Тау ауылы маныңда өлген 372 бас киік (басым бөлігі аналық туша) табылған (Киіктердің өліп жатқаны түсірілген видео әлеуметіһтік желі қолданушылары арқылы таралды).
Оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде облыстық Экология департаментінің, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясының, облыстық Ветеринария басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылған.
«Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел штабы құрылды. Болжам бойынша киіктердің қырылуы сол мекендегі қолайсыз ауа райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі, ұшаларда найзағай разрядынан зақымдану ізі байқалады. Құзырлы мемлекеттік органдардың зерттеу және қорытынды жұмыстары аяқталған соң, нақты нәтижесі қосымша хабарланады», – деп мәлім етті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу