БҚО-ДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу маңызды. Бүгінгі таңда БҚО ТЖД қызметкерлері барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып су тасқынының алдын алудың кешенді іс-шараларын ұйымдастыруда.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №14 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №69-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес су тасқынын болжауды жақсарту және болжамдық деректерді дайындау мақсатында «Қазгидромет» РҚК филиалы өкілдері ТЖ департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Тасқала және Бәйтерек аудандарында Деркөл өзеніндегі қар жамылғысының биіктігі мен қардағы судың қорын анықтау жұмысы жүргізілді
Бәйтерек ауданы Переметное ауылында қардың қалыңдығы 45 см (норма 20 см), қардағы судың қоры 99 мм (қалыпты шама 68 мм), орташа тығыздық 0,23 г/см3. Тасқала ауданы Бастау ауылында қардың қалыңдығы 50 см (қалыпты шама 20 см), қардағы судың қоры 115 мм (қалыпты шама 68 мм), орташа тығыздық 0,23 г/см3.
Жұмыс тобының шығуы Департаменттің Жедел-құтқару жасағының жоғары өткізгіш техникасымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыс аумағында су тасқынының қаупі бар аудандық кешендердің учаскелерін тексеру жұмыстары жалғасуда.
БҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу