БҚО-ДА ЕКІ КОЛЛЕДЖ «ЖОҒАРҒЫ КОЛЛЕДЖ» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
Батыс Қазақстан облысындағы екі колледж «Жоғарғы колледж» мәртебесін алды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты басымдықтарының бірі дуалды оқыту жүйесіне жұмыс берушілерді тарту. Қазіргі уақытта облыстағы 27 колледжде 24 мамандық және 31 біліктілік бойынша дуалды оқыту жүргізілуде. 86 кәсіпорын мен шаруашылық субъектілерінде дуалды оқыту жүйесі бойынша 1795 студент қамтылған.
Өткен жылы 23 колледж техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын дайындау мақсатымен модульдік оқыту технологиясын енгізді. Интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында екі колледж «Жоғарғы колледж» мәртебесін алды. Олар – Жоғары аграрлық-техникалық колледж және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж. Енді бұл колледждер қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын болады.
Сондай-ақ өңірде жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты педагогикалық кадрларды және құрылыс саласы мамандарын даярлауды жаңғырту жоспарлануда. Финдік «Collaprime Oу» компаниясы арқылы Жоғары аграрлық-техникалық колледж базасында 3D CAVE үшөлшемді кеңістігінде үлгілеу және виртуалды жобалау саласы бойынша бағдарламалық қамсыздандыру орнатты. Колледждің сегіз мұғалімі осы компанияда тағылымдамадан өтті. Яғни 2019 жылдың қыркүйегінен бастап болашақ құрылыс саласы мамандары жаңа бағдарламамен оқытыла бастайды.

32 колледж базасында автоматтандырылған «Platonus» ақпараттық жүйесі орнатылған. 4 колледж 5 мамандық бойынша сегіз интерактивті модульмен қамтылған. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» айтылған міндеттерді орындау мақсатымен Орал және Ақсай қалаларында төрт колледж салынады. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Батыс қазақстан индустрияландыру колледжі, Орал политехникалық колледж, Ақсай колледжі мен БҚО жоғары медициналық колледж суденттеріне жатақхана салынады. Қазіргі уақытта шалғай ауылдардан келген студенттер үшін 20 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында жатақхана бар. Онда 1,5 мың студент тұрып жатыр.
Бүгінде облыстағы 36 колледжде 18 598 студент 71 мамандық және 135 біліктілік бойынша оқиды. «Серпін» бағдарламасымен екі колледжде 125 студент білім алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу