8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2019 2293 0
Өзек

БҚО-ДА ЕКІ АЗАМАТ КИІК МҮЙІЗІМЕН ҰСТАЛДЫ

«Киік» жедел алдын алу шарасы аясында бүгін екі адам киіктерге заңсыз аңшылық жасап, мүйіздерін тасымалдағаны үшін ұсталды.

 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертең сағат 7.10-да Қазталов ауданы Полиция бөлімшесі мен «Охотзоопром» мекемесі инспекторларынан құралған мобильді топ Қазталов ауданы Бірлік ауылдық округінің Қалабай қыстағы маңынан «Нива-Шевроле» автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 10 дана киік мүйізі мен 1 пышақ, 1 ара, 2 қару мен 12 калибрлі оқ-дәрі тапты.

Автокөлік салонында Қазталов ауданының тұрғыны мен «Охотзоопром» РМҚК инспекторы болған.

Казталов ауданының Пб осы факті бойынша ҚК-ның 337-бабы (Заңсыз аңшылық) және ҚК-ның 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Бұған дейін өзбекстандық азаматтың шекарадан киік мүйіздерімен өтпекші болғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың 1-30 сәуірі аралығында киіктерді аулау фактілерін, сондай-ақ олардың мүйіздерінің айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Киік» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»