БҚО-ДА 36 АДАМ КІСІ ҚОЛЫНАН МЕРТ БОЛҒАН
БҚО прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде адам өлтірудің профилактикасы талқыланды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен Полиция департаментінде Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өткізіліп, адам өміріне қол сұғатын қылмыстардың алдын алудың жай-күйі қаралды.
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше,2018 жылы облыс аумағында 36 адам өлтіру мен 17 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тіркелген. Талдау әр төртінші қылмыстың тұрмыстық жағдайда және бұрын сотталған тұлғалармен жасалғанын, ал әр бесінші қылмыс қоғамдық жерлерде орын алғанын көрсетіп отыр. Адам өміріне қол сұғатын қылмыстардың үштен екісі мас күйінде жасалған.
Қылмыстардың жасалуының себептерінің бірі – заңнамамен көрсетілген түнгі уақытта алкоголь өнімін сату. Кеңеске қатысушылар сатушылар осы тыйымды сақтамай отырғанын айтты. Мәселен, өткен жылы осы талапты орындамаған 76 сауда орындарының иелеріне тиісті лицензияның қолданысы тоқтатылып, барлығы 4,6 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынған.
Сондай-ақ бұрын сотталған тұлғалардың қылмысқа баруының себебі ретінде пробация қызметінің әкімшілік қадағалауды азайтуы себеп. Полиция органдарының назары профилактикалық іс-шараларды күшейтуге аударылды, өйткені олардың негізгі күштері мен жұмыстары жасалған қылмысты ашуға бағытталады, ал құқық бұзушылықтардың превенциясы жеткіліксіз.
Сондықтан, облыс прокуроры Полиция департаментінің және басқа да уәкілетті органдарының алдында осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін көтеруге қатысты нақты міндеттер айқындады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу