АСЫЛХАННЫҢ ЕРЛІГІ
Орал қаласы ПБ кезекші бөлімі жедел кезекшісінің көмекшісі полиция аға сержанты Асылхан Темірханов үшін биылғы жыл ерекше сет қалары анық. Асылхан ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні жасаған қайсарлығы мен батылдығы үшін «Жыл үздігі – 2018» жастар сыйлығының иегері атанды.

Полиция аға сержанты Асылхан Темірханов сол күні, яғни 12 желтоқсанда «Омега зауыты» ауданына қарасты «Вишенка-1» саяжай қоғамындағы туысқандарына амандаса барып, сол үйде түнеп қалады. Таңертеңгілік өзінің үйіне қайтпақ болған сәтте, шамамен сағат 09.00-де тәртіп сақшысы өзі шыққан үйге қарама-қарсы бетте көрші үйдің кенеттен жалынға оранып, кейбір тұсы бықсығанын байқайды. Жанталасып жүгіріп, үйдің сыртқы есігіне бетейді. Алайда, нағыз отқа оранып, бықсыған қою көк түтін есік тұсты шарпыған. Үйдің есігінен ішке ену мүмкін емес. Қою түтін көзіңді ашытып, қолқаңды толтырады, жүректі айнытады. Тез арада шешім қабылдаған Асылхан аулаға зулап кіріп, алдындағы терезе әйнегін шынтағымен соғып сындырады. Әйнек шытынай сынғанда «Іште кім бар, шығыңдар, өрт, өрт» деп айқайлайды. Тәртіп сақшысы айқайға басып, сынған әйнектен ішке басын сұққанша, жалындаған от пен түтін біраз жерді жайпап үлгерген болатын. Сынған терезеден 5 жасар қыз баланы көтеріп, сыртқа алып шығады. Кішкентай қыздың қолы, қары, саусақтары әйнекке мықтап кесілген. Содан кейін, үй ішінен жасы 40-45 шамасындағы ер адамды сыртқа жалғыз өзі жан ұшыра жүріп шығарады. Зіңгіттей ер адамның түтінге тұншығып қалғаны сондай басы айналып, көзі қарауытып, есеңгіреп қалған екен. Әйел адам өзі сүйретіліп тысқа шыққан. Осылайша, бір отбасын өртеніп жатқан үйден аман алып шыққан Асылхан үй иелерінен «үй ішінде тағы не бар, қауіпті не қалды» деп сұрадым» дейді. Әйел адам үйде біріне газ толтырылған, бірі бос газ баллон барын айтады. Ол 2 баллон жарылса, не боламыз деген тәртіп сақшысы отбасы мүшелерін ауладан алысқа шығарып, ілезде өрт сөндіру, медициналық жәрдем, «Үкі» түнгі іздестіру тобын шақырады. 2-3 минутта мекенжайға жеткен өрт сөндіру қызметі үй бұрышындағы 2 газ баллонды тысқа алып шығады. Ал, үй иелеріне дереу медициналық жәрдем көрсетіліп, түтінге уланғандары қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілген.
Сөйтіп, полиция аға сержанты А.Темірханов көз ілеспес жылдамдықпен бір отбасын өлімнен құтқарды.
Облыс әкімдігінің жастардың зор құрметіне ие болған тәртіп сақшысын әріптестері де құттықтады.
Гүламан Исмағұлова,Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу