8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2019 2098 0
Мәслихат жаршысы

ҚАЛА БЮДЖЕТІ 6714 684 ТЕҢГЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ

           2019 жылға арналған қалалық бюджет 6 714 684 мың теңгеге көбейді. Оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы – 123 364 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер түсімдері – 5 911 440 мың теңгені құрайды.  Бұл туралы қалалық мәслихаттың 32-ші кезектен тыс сессиясында мәлім болды. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.  

Қалалық мәслихат депутаты Валентина Михноның төрайымдық етуімен өткен сессияның күн тәрбінде алдымен Орал қалалық мәслихатының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық, кенттердің, ауылдық округтің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді.  Шаһардың биылғы жылға арналған бюджетін нақтылау барысы жөнінде сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенованың баяндауынша,   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына – 2 503 974 мың теңге, санитарияны қамтамасыз етуге – 161 533 мың теңге, абаттандыруға және көгалдандыруға – 34 506 мың теңге, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 224 733 мың теңге, мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 194 821 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ағымдағы шығындарына – 14 510 мың теңге, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға – 853 871 мың теңге, үй-жайды сатып алуға – 20 000 мың теңге қарастырылған.  Құрылысқа – 761 365 мың теңге, кредиттік тұрғын үй құрылысына – 710 393 мың теңге, үй құрылысы бойынша ведмстводан тыс сараптама жүргізуге  – 2 439 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 17 000 мың теңге, коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 1 533 мың теңге, спорт нысандарын дамытуға – 30 000 мың теңге бөлінді. Жол құрылысына  – 604 590 мың теңге, білім беру саласына – 638 030 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті дамытуға – 101 316 мың теңге бағытталды.

Жиында сондай-ақ қалалық мәслихаттың нормативтік-құқықтық  мәселелер  және  жұртшылықпен байланыс  жөніндегі  комиссия төрағасы Амангелді Ермекқалиев қаланың  әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Минжан Абдрахманов, Вениамин Скаленко, Алексей Толкачев және жергілікті мемлекеттік басқару саласында абыройлы еңбек еткен  Валерий Голоухов, Батес Исмағұлова,  Сағын Құрмановқа «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітуге ұсынды. Бұл күні қаралған барлық мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»